Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Айфон, айпод, айпад құрылғыларының бір-бірінен айырмашылығы

Айфон, айпод, айпад құрылғыларының бір-бірінен айырмашылығы

Айфон, айпод, айпад құрылғыларының бір-бірінен айырмашылығы

Бүгін біз сіздермен бірге қолданыстағы техникалық құралдардың бір-бірінен айырмашылығы туралы қарапайым тілмен кең отырып әңгіме өрбітсек дейміз. Бәсеке жалауын желбіреткен қазіргі заманда Айпад, айфон, айпод құрылғылары ешкімге дес бермей, оқ бойы алда тұр. Халық бағаларына қарамастан, осы құралдарды пайдалануды сәнге айналдырды. 

i-дан басталатын өнімдердің бәрі Apple компаниясының өнімдері болып табылады.

iPhone (Айфон) - атақты Apple компаниясының өнімі. Хабар алмасып, смс-хаттар жазып қана қоймай, музыка тыңдап, Интернеттен бейнебаян көруге мүмкіндік беретін смартфон (ағ. "smart" - ақылды). Осы тұста смартфон туралы бір-екі ауыз. Смартфон - хабарласуға болатын ұялы телефон. Оның қарапайым ұялы телефондардан айырмашылығы - бірден бірнеше бағдарламалармен жұмыс істей алуында. 

 

 

iPod (Айпод) – мультимедиялық аудиоплеерлер. Бұның жұмысы - аудиофайлдарды іске қосу. Кейбір үлгілері сурет пен бейнебаян көруге мүмкіндік береді.

iPad (Айпад) - Интернет планшеті. Планшет деген не? Планшет дегенді түсінікті тілмен түсіндірсек, ол сенсорлы экранмен жұмыс істейтін құрылғы. Құрылғыдағы барлық іс-әрекет саусақпен не арнайы қаламымен басу арқылы жүзеге асады. Планшеттің тарихы Apple компаниясы 2010 жылы Айпад атты ең алғашқы планшетті таныстырған кезден бастау алды. Планшет - компьютер тарихындағы елеулі жетістік. Планшеттің не екені түсінікті болса, айпад туралы бір-екі ауыз айтып кетейік. Айпад - смартфон мен ноутбуктің қызметін атқара алатын құрылғы. 


iPhone мен iPad бір-біріне өте ұқсаса да, айфон ең алдымен телефон да, айпад - компьютер. Сыртқы түріндегі бірден-бір айырмашылық - көлемдерінің әртүрлілігінде.

Apple компаниясынан алда да үздік үлгілер күтеміз. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: rapside.ucoz.kz, macpages.ru, iphone4.name, kursiv.kz

15446 8
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 22 маусым 2012, 15:49
Пікірлер
+0
22 маусым 2012, 17:36

анау планшет дегенің рахат қой. қалтаңа салып алып, қолың қалт етсе, Массагетке кіріп жүре бересің :)

+0
23 маусым 2012, 18:52

Енді түсінікті болды. :)

+0
24 маусым 2012, 18:16

bilmei jur edik ))))))))))))))))))))))

+0
24 маусым 2012, 20:52

сен сенбессің, бірақ білмейтіндер бар расымен) БІлмегенін сұрай алмай ұялып, шатасып жүргенше, массагетті ашсын да, оқып алсын :D

+0
24 маусым 2012, 21:01

bar wygar, ne budu sporit. Google bar goi, birak oryswa ne agylwynwa, rasymen useful akparat bolsyn :)

+0
24 маусым 2012, 20:46

Шайтан-прибор! :shock:

+0
24 маусым 2012, 20:59

why shaitan, Aydos? :shock:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...