Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Жапондықтар адам бетінің көшірмесін жасады

Жапондықтар адам бетінің көшірмесін жасады

Жапондықтар адам бетінің көшірмесін жасады

Жапон халқының техникалық құрылғылар мен технологияларға деген талпынысы мен жаңалық ашуға деген құштарлығы күннен-күнге өсіп келеді. Бұл жолы да күн шығыс елінің ғалымдары бізді тағы бір жаңалықтарымен таң қалдырып отыр.

Көшеде келе жатып, өзіңіздің бейнеңізді көрсеңіз, қандай ойда боласыз? Әлбетте, өз көзіңізге өзіңіз сенбей, тоқтай қаласыз. Ал Жапонияда бұнымен ешкімді таң қалдыра алмайсыз. Өйткені Жапонияда ғалымдар адамдардың шынайы бет-әлпетінің 3D-маскасын ойлап тапты. Маска мен адам бетінің ұқсастығы сондай, көз алдыңызда тұрған егіздер ме деп ойлап қалуыңыз ғажап емес.

Бар-жоғы $3920 -ға өндірушілер сіздің 3D-портретіңізді жасап шығаруға дайын. Алдымен ғалымдар тобы сіздің бетіңізді жоғары сапалы камераға түсіріп алып, кейін алынған бейнені қатты винилхлорид материалына кескіндейді. Маска мен адам бетін бір көргеннен айырып алу қиынға соғады. Ал маска жасаушылар бұл процесті "адам бетінің фотокопиясын жасау" деп атап кеткен.

Бұл технология су жаңа болмағанымен, дәлділігі мен текстурасы жоғары нәтижеге қазір ғана жетіп отыр. "Біздер монохромды фотобейнеден бастап, түрлі-түсті технологияларға қадам басып едік. Ендігі кезек 3D технологияларын меңгеру" - дейді ғалымдар тобының меңгерушісі.

Бұл "фотошоп" емес

Бұндай масканың өндірісі бірнеше апта уақытты талап етеді. Жақындарыңызды, туыс-бауырларыңызды таң қалдырам десеңіз, көп кешікпей жапондық ақылгөйлерге хабарласыңыз. 

Сурет: dailymail.co.uk

2024 12
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 07 мамыр 2012, 15:48
Пікірлер
+0
07 мамыр 2012, 16:57

тамаша гой мынау ;)

+0
07 мамыр 2012, 17:42

Жапонияда көшеде абайлап жүру керек екен)

+0
07 мамыр 2012, 20:48

Мәәәәәәәә жапондықтардың ойлап таппайтыны жоқ

+0
07 мамыр 2012, 22:28

:shock: :shock: :shock: :shock:

+0
08 мамыр 2012, 10:16

:o О Тоба!

+0
08 мамыр 2012, 10:49

:shock:

+0
08 мамыр 2012, 11:46

Бәрі таң қалыпты)) мен де :shock: боп отрм

+0
23 мамыр 2012, 22:33

maeee kuwti :shock: :o

+0
02 наурыз 2013, 23:54

:shock:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...