Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Windows 7/Vista және XP ОЖ-лерін қазақшаға аудару

Windows 7/Vista және XP ОЖ-лерін қазақшаға аудару

Windows 7/Vista және XP ОЖ-лерін қазақшаға аудару

Сипаттамасы:

Қазақ тілі техникалық жағынан тәуелсіз тіл ретінде қалыптасу кезеңінде. Мен алдағы уақытта қазақ тілі түрік тілі сияқты кең қолданыстағы тіл деңгейіне орнығарына сенімім мол. Қазақ тілінің байлығы оның потенциалы жоғары екенін көрсетеді.

Microsoft өнімдерінің қазақша өнімдері әлдеқашан халыққа жол тартқан, оның ішінде Windows 7/Vista және XP операциялық жүйелері, Internet Explorer 9 веб-шолғышы, Microsoft Office 2003/2007/2010, Office Online, Microsoft Lync 2010 (Language Interface Pack) және т.б. (толығырақ жүктеу орталығынан қараңыз http://www.microsoft.com/downloads/Search.aspx?displaylang=kk).

Менің компьютерім толықтай болмаса да 80 пайыз қазақша бағдарламалардан құралған. (ESET Smart Security 4, Windows 7 Home Basic, Aimp MPleer, 3CXPhone, Mozila Firefox, uTorrent, TeamViewer, Skype, WinRar, 7zip және т.б.) Көптеген адамдар бар екенін білгенімен де, ыңғайсыздығын, сапасын сылтау етіп немесе қалай қазақ тіліне аудара салудың амалын шынымен білмегендіктен қолданбайды.

Біз бүгін қарастырғалы отырған аталған ОЖ-ның қазақ тіліндегі LIP пакеттері.

LIP дегеніміз - Windows-тың кез келген тілдік нұсқаға орнатылып, Windows Desktop, интернет браузер, медиаплеерді қазақ тілінде пайдалануға мүмкіндік беретін сыртқы қалыбы.
Windows тілдік интерфейс бумасы (LIP) Windows жүйесіндегі ең кең қолданатын бөлімдердің жартылай аударылған нұсқаларын ұсынады. LIP бумасы орнатылғаннан кейін шеберлердегі мәтіндер, тілқатысу терезелері, мәзірлер, анықтама және қолдау бөлімдері LIP тілінде көрсетілетін болады. Аударылмаған мәтін Windows 7 жүйесінің негізгі тілінде болады. Мысалы, Сіз Windows 7 жүйесінің испан тіліндегі нұсқасын сатып алғаннан кейін, каталония LIP бумасын орнатсаңыз, кейбір мәтін испан тілінде қала береді. Сіз негізгі тіл үшін бірден көп LIP бумаларын орната аласыз. Windows тілдік интерфейс бумаларын Windows 7 жүйесінің барлық нұсқаларында орнатуға болады.

Windows 7/Vista операциялық жүйесіне арналған LIP пакетті орнату

Жалпы сипаттама:

Шығарылған жылы: 2010

Нұсқа: Ресми

Жасап шығарушы: Microsoft

Ресми сайттың мекен-жайы: http://www.microsoft.com/downloads/Search.aspx?displaylang=kk

Интерфейс тілі: қазақша

Платформа: x86 (яғни х32) х64 (Жедел жад: 1 гигабайт (ГБ) болса 32-биттік, немесе 2 ГБ-тан жоғары болса 64-биттік болады).

Жүйелік талаптары

Қолдаушы операциялық жүйе: Windows 7

• Microsoft Windows 7

• Windows 7 жүйесі талап ететін негізгі тілді орнату: ағылшын, орыс

• жүктеу үшін бос орын: 4,63 Мб

• орнату үшін бос орын: 15 Мб

Орнату:

Жүктеу сілтемесі http://windows.microsoft.com/en-US/windows/downloads/languages

арқылы өтсек, келесі терезе шығады, қажет ОЖ таңдап, Download түймесін шертеміз.

 

Сізді жүктеу орталығына өткізеді.

Төменгі жақта орналасқан файлдардың ішінен компьютер разрядына байланысты («Компьютер– Сипаттар» көре аласыз қай амалдық жүйе екенін)


32 биттік нұсқасын орнату үшін төмендегі әрекеттердің кез келгенін орындауға болады:

  1. Жүктеу түймешігін басып, тілдік интерфейс бумасын орнату үшін Open параметрін таңдау

немесе

       2.Жүктеу түймешігін басу

  • Файлды компьютеріңізге көшіру үшін Save түймешігін басу,
  • Жүктелген файлға өтіп, тілдік интерфейс бумасын орнату үшін оны екі рет басу

64 биттік нұсқасын орнату үшін жоғарыдағы 2-параметрді пайдалану керек.

Толығырақ айтсам – ештеңе өзгертпестен «Далее» түймесін басамыз.

Лицензиялық келісімді қабылдайтынымызды білдіріп «Далее» түймесіне басамыз.

Ақпарат ұсынылады, және оқып шығып, жалғастырамыз.

Орнату барысының аяқталғанын күтеміз.

Орнатып болған соң, Панель-Управления-Язык и региональные стандарты-Язык и клавиатуры бөлімінен Интерфейс тілін жаңағы орнатқан қазақ тілі ретінде көрсетеміз де, ОК-ді басамыз.

Қайта жүктеуді сұрайды, соны қабылдасақ болғаны, компьютер қайта қосылған сәтте қазақша сайрайды.

Айтпақшы енді Басқару тақтасы ішіндегі Сағат, тіл, аймақ ішінен Сәлемдесу терезесінде қазақ тіліне ауыстыра салыңыз. Осы бар жұмыс.

Vіsta мен XP-ді қазақшалау осы тәртіпте жүргізіледі.

XP-ді үшін тілдік пакеттің жүктеу сілтемесі: http://windows.microsoft.com/en-US/windows/downloads/languages-xp

Алдағы уақытта Майкрасофт Офис бағдарламасына қалай қазақшалауға осылай жөн сілтейтін боламын.

Автор: Данияр Сәкенов

9713 18
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 27 наурыз 2012, 15:00
Пікірлер
+0
27 наурыз 2012, 15:25

Данияр! молодец

+0
27 наурыз 2012, 15:39

орысшасына үйреніп қалғаннан ба, қазақшасы түсініксіз

+0
27 наурыз 2012, 15:45

Үйреніп кетесің, төл тілің жүрекке жақын. Жаман адуарма болса ұсынбас та едім

+0
27 наурыз 2012, 16:10

Рахмет бауырым! Көрейік ;)

+0
27 наурыз 2012, 15:40

Қазақшасын әзірше орнатпас едім! Бәрібір түсінбейсің го :?:

+0
27 наурыз 2012, 15:44

Пайдаланып жүрген мен және басқалар кім сонда? Ендеше үнемі тәуелді болып жүре бергін

+0
27 наурыз 2012, 16:19

Пайдаланып жүргеніме бір жылдан асты. Қиын ештеңесі жоқ.
Ит те өз тілінде сөйледі ғой айналайындар ау.

+0
27 наурыз 2012, 17:59

керемет!

+0
27 наурыз 2012, 18:18

ой қазақ тілі десе өлемін))Жарайсың ;) Мына массагеттік админдерге де алғысымды айта кетейін,жетісіп қалдым ғой,мына смайликтермен 8-) :)

+0
27 наурыз 2012, 21:49

Керемет. Пайдаланғаныма 1 жыл болды. Үйрендім. Ал - қазақшасын түсінбеймін - деу - ол топас адамның сөзі. өз тіліңді түсінбеймін деп - өз тілінде жазу - ол тпастықтың белгісі емес па?

+0
27 наурыз 2012, 21:55

Facebook-ті қазақшалау http://massaget.kz/tehno/faq/932
Windows ОЖ арналған Skype бағдарламасы соңғы нұсқасының қазақша тілдік файлы http://massaget.kz/tehno/faq/470

+0
27 наурыз 2012, 22:06

Рахмет Анар.

+0
02 сәуір 2012, 11:21

топастық??? сіз әйтеуір интернетке кіріп, ананы мұны жазып отырғаныңызға мәзсіз! ал уиндоустың баптауларын кеңінен қолданатын біздерге мүлде түсініксіз! әйтеуір "на ощуп" сипалап, иконкаларына қарап, зрительский памятьпен шұқылап жатып тауып аламыз. Шыны керек, аударма сын көтермид!!! :x

+0
02 сәуір 2012, 11:29

Оған үйреніп кетерсіз, мен де сіз сияқты бақайынан кіріп басынан шығамын бұл жүйенің, басында ыңғайсыз болғанымен, уақыт өте үйреніп кеттім, сынарлық жерлері бар, оны болашаққа түртіп қойдым ойымда, бәрі қолданар болса, бір ағынға түсер ме еді

+0
27 наурыз 2012, 21:53

ал қазақша скайппен фейсбуктың сілтемелерін қайдан алуға болады? көмектесіңдер!!!!!!!

+0
28 наурыз 2012, 11:15

керемет екен қазақша болса

+0
22 сәуір 2012, 01:18

осы макала ушiн гана тiркелдiм,
казахша тугiлi кейбiр прогта орысша "UI"-де зорга шыдап отырам, сонау dos кезiнен бастап инглиште отырганнан шыгар походу...
ал мындагы "быдыбытты" тук тусинбедим, (казахта мындай создер бар ма не?) миымды катырганнан баска, тук пайдасы болмад, мелкософттын ОС-тарын ендi танып келе жаткан "школата"-лар болмаса, есть его не чем...

+0
16 шілде 2012, 12:25

Бәлкім солай шығар сіз үшін, біреулер түсінеді, әйтпесе аударудағы жұмыстарды не үшін жүргізіп жатыр?!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...