Онлайн-олжа: түрлі-түсті Google

Онлайн-олжа: түрлі-түсті Google
Фото: Picular.co

Future Memories digital-студиясы Picular атты Google іздеу жүйесінің аналогын жасады. Google, but for colors деп сипатталатын Picular ерекшелігі – іздеген объектінің, ұғымның суретін, видеосын, оған қатысты мәлімет пен жаңалықты емес, онымен байланысты түстерді көрсетеді. 

Іздеу жүйесі Google негізінде жұмыс істейді. Қалаған нәрсеңізді енгізсеңіз болады. Мысалы банан сөзін жазсақ, сары түстің бірнеше реңктерін көреміз.


Massaget.kz сайтын іздегенде, күткеніміздей сайт көк түспен ассоциацияланады екен. 

Ал режиссер Уэс Андерсонды іздесек, Picular режиссер фильмдеріне қатысты түстерді көрсетті. 

Picular іздеу жүйесінің практикалық қызметі әлі нақты емес. Бірақ оның пайдалы тұстары да бар. Әр түстің астында #37B9DB сияқты кодтар жазылған. Сол арқылы графикалық дизайнерлер іздеген нәрсесінің HTML түстерінің кодын лезде анықтай алады. 

Massaget.kz