Ғалымдар адамды күйзеліске түсіретін әлеуметтік желіні анықтады

Ғалымдар адамды күйзеліске түсіретін әлеуметтік желіні анықтады
Фото: massaget.kz

Зерттеулер нәтижесі бойынша Британ Корольдігінің денсаулық сақтау қоғамы “Instagram әлеуметтік желісі жастардың денсаулығына кері әсерін тигізеді”,- деген қорытындыға келді.

Мұндай қорытындыға келмес бұрын ғалымдар 14 пен 24 жас аралығындағы 1500 адаммен сұхбат жүргізген. Респонденттерге негативті әсер ететін, сондай-ақ, психикасын бұзып, күйзеліс пен агрессияға итермелейтін қосымшаны анықтау ұсынылды.  

Сұхбат нәтижесінде өзінің сырт келбетіне көңілі толмай, өз-өзін бағалау деңгейін түсіріп, ұйқысыздыққа алып келетін әлеуметтік желі Instagram екені анықталған. Тәжірибеден өтушілер оның адамға беретін әсерлерін төмендегідей мысалдармен келтірді:

— өз келбетін өзге адамдардың мінсіз фотосуреттерімен салыстыру

— ұйқыға уақытында жатуға мүмкіндік бермеу

— өзі тіркелген адамдар өміріндегі жаңалықтардан хабарсыз қалу қаупі

— шын өмірдегі достары мен туыстарына қажет деңгейде көңіл бөлмеу

— басқалардың “ертегідей өмірін” көре алмаушылық

Антирейтингтегі екінші орынды Facebook пен Snapchat әлеуметтік желілері алды.

А. Оралқызы