Әлемдегі ең биік аспалы жол таксиі

Әлемдегі ең биік аспалы жол таксиі
Фото: vilingstore.net

Алматы қаласындағы «Көктөбеде» бой көтерген «аспалы жол» адамдардың қаламен толық танысуы үшін жасалған арнайы қатынас көлігі. Жан-жағы шынымен қоршалған, көкке көтерілетін бұл құрал арқылы сұлу табиғатты, қаланың көрінісін тамашалауға болады. Ал сіз әлемдегі ең биік аспалы жолдың қайда екенін білесіз бе?

Боливиядағы Ла-Пас қаласы халықтың көңілінен шығу үшін жылдар бойы көлік қатынастарын реттеумен келеді. Бұл қалада қоғамдық көлік жоқтың қасы. Себебі көшелері тар, көліктердің қозғалысына ыңғайсыз. Осы мәселені әкімшілік көтере келіп, көлік қатынасын реттеудің ең оңай және керемет жолын ұсынды.

Ла-Пас қаласына бара қалсаңыз сізді күтіп алатын көліктермен қоса, ендігі жерде «аспалы жолдар» бар. Бір емес, үш бірдей аспалы жол сізге таксидің жұмысын атқарады. Әрбір жолдың ұзындығы 10 км.

Аталған аспалы жолдар әлемдегі ең биік қатынас құралы. Алдағы уақытта Ла-Пас қаласында тағы алты жолдың салынуы көзделіп отыр. Олардың ұзындығы 30 км болады. Салынатын аспалы жолдар 27 000 жолаушыны тасымалдауға жоспарланған.

М. Ақан