Nokia 3310 телефонының жаңа нұсқасы шықты

Nokia 3310 телефонының жаңа нұсқасы шықты
Фото: pixel-story.ru

2000 жылдары көптеген адамның қолынан түспейтін Nokia 3310 ұялы телефоны жаңа нұсқада қайтадан пайда болды. 2017 жылдың екінші бөлігінде саудаға шығарылатын байланыс құралына қазірдің өзінде қызығушылық танытып отырғандар жетерлік. "Кірпіш" атауымен дүйім жұрттың есінде қалған сымсыз телефонның жаңа нұсқасы несімен ерекшеленетініне тоқтала кетейік.

Нокиа телефонының ең алғашқы үлгісі 126 миллион данамен сатылған. Ал, жаңа нұсқасы мұндай көрсеткішке жете алмайтыны белгілі қазірдің өзінде белгілі. Алайда, техно базарына қайтып келген бұл өнімнің қаншалықты тиімді болатынына әлі ешкім нақты жауап бере алмайды. Мамандар байланыс құралын қайтадан өңдеп шығарғанымен, ескі телефондағы әрекеттердің барлығын орнында қалдыруды дұрыс деп шешкен екен. Тіпті "жылан" ойыны да бәз қалпында сақталған. Тек жаңа кезеңдер мен өңделген графикалары қалған. Сонымен қатар Нокианың жаңасы түрлі-түсті.

Ескі телефон 2000 жылдары 113 мм х 48 мм х 22мм, 133 г болса, қазіргі уақытта 115 мм х 51 х 13мм, 79 г-ды көрсетеді. Ең бастысы байланыс құралының түрі сол қалпында қалған. Смартфондық қасиеті жоқ құрылғының батарейкасын да бұрынғыдай оңай ауыстыра аласыз.    

Қазіргі уақытта әлемнің көптеген жерінде таныстырылуы жүргізіліп жатқан телефонның құны аса қымбат емес. Еуропада елдерінде 49 еуромен сатылымға шығатын өнімнің құны біздің ақшамен 16-17 мың теңгені құрайды. 

B. ZHAQSYMBET