Facebook акционерлері #4

Facebook акционерлері #4
Фото: өңделген

2004 жылы Гарвард жатақханасында құрылған Facebook әлеуметтік желісі қазіргі кезде ең жылдам дамып келе жатқан IT-компаниялардың біріне айналды. Егер компанияға IPO-ға дейін инвестиция құйып, оның небәрі 0,1%-ын сатып алғаныңызда, дивидентіңіз 100 миллион АҚШ долларына айналар еді. Сол үшін де IT-компаниялардың IPO-ға шығуы кез келген инвесторды қызықтырады. Желінің негізін салған Марк Цукерберг 21 жасында алғашқы миллионын тауып, 28-ге келгенді «ең жас миллиардер» атанады.

2012 жылы өткен IPO-дан Марк Цукерберг ең үлкен табысты иеленеді. Акциялар сатылғаннан кейін Марктің еншісінде компанияның 28,2% үлесі мен бас директор лауазымы қалады. Айта кетсек, 1986 жылы Microsoft IPO-ға шыққан кезде Билл Гейтс корпорацияның 49,2% акциясына иелік еткен. Ал 2004 жылы Google акциялары Нью-Йорк биржасында сатылғаннан кейін Сергей Брин мен Ларри Пейдж (Google негізін салушылар) компанияның небәрі 15% акциясын басқарған.

Басы

Microsoft

Microsoft басшысы Билл Гейтс 2006 жылы Марк құрған әлеуметтік желіні толығымен сатып алуды көздейді. Ол компания үшін 15 миллиард АҚШ долларын ұсынады. Әрине небәрі екі жыл бұрын құрылған стартап үшін бұл үлкен олжа болатын. Дегенмен Цукерберг сатудан бас тартады. Сосын Microsoft Фейсбуктің 1,6% акциясын 240 миллион АҚШ долларына сатып алады. Сонымен қатар, Билл Гейтс миллионды инвестициясының арқасында әлеуметтік желіде халықаралық жарнамалар беру құқығына ие болды.

ХХІ ғасырдың басында интернет компаниялардың қазіргі қалыптағы жағдайға жетеді деп ешкім ойлаған емес. Facebook компаниясы өзінің алғашқы табысын 2009 жылы тапқан болса да, оған деген инвесторлардың қызығушылығы әлеуметтік желі құрылған кезден артқан. 2010 жылы Facebook Google мен Amazon-нан кейінгі АҚШ-тағы үшінші үлкен интернет–компания атанса да, оның табысы қызметкерлердің жалақысын төлеуге жетпеген. Компания толығымен инвесторлардың қаржысына күн көріп келген. Ал инвесторлар Фейсбуктің IPO-ға шығуын күткен. Расында 2012 жылы инвесторлардың үміті ақталып, Facebook 104 миллиард АҚШ долларына бағаланады.

Рид Хоффман және Марк Пинкус есімді америкалық кәсіпкерлер болашағы бұлыңғыр болып көрінген компанияға 40 мың АҚШ долларынан инвестиция құяды. Сосын олар акцияларын сатпай, бірнеше жыл күтеді. Facebook компаниясының акциялары биржаға шыққаннан кейін әр қайсысы 38 миллионнан иемденіп, миллионер атанады.

Ж. Өрісбай