Facebook дрондар арқылы интернет желісін таратпақ (видео)

Facebook дрондар арқылы интернет желісін таратпақ (видео)
Фото: droider.ru

Facebook компаниясының инженерлері ұзындығы 43 метр дрон құрастырды. Aquila деп аталатын квадрокоптер жерден 18-27 шақырым биікте ұшып, интернеті жоқ аймақтарды байланыспен қамтиды. Құрылғы аспанда 90 күнге дейін ұшып жүре алады.

Инженерлер аппаратты әуе шарларының көмегімен көкке жеткізбек. Aquila құрылғысының салмағы – 400 келі. Ол қуатты Күннен алады. Facebook командасы жабдықтаған лазер жерге интернет желісін таратады. Қазір аппарат жылдамдығы секундына 10 ГБ болатын интернет ұсынып отыр. Әлемде аналогы жоқ лазер 16 шақырым биіктіктен тиынның үстіне дәл түсе алады. 

Ж. Өрісбай