Әр қолданушы WhatsApp-қа күніне 23 рет кіреді

Әр қолданушы WhatsApp-қа күніне 23 рет кіреді
Фото: viralblog.com

Әлеуметтік желілер заманы келмей тұрған кезде хабарламаны тегін жіберу мүмкін емес болатын. Тіпті Facebook, Twitter және Instagram сынды желілер танымал бола бастаған кезде де хабарлама алмасу толығымен тегін жүйеге ауыса қоймады. Бұл мәселенің шешімі 2009 жылы Калифорнияда (АҚШ) құрылған WhatsApp мессенджері болды. Мәтіндік хабарландыру, сурет, видео және аудио жөнелтуге болатын онлайн платформаны 2014 жылы Facebook Inc. 19 миллиард АҚШ долларына сатып алады.

Ендеше назарларыңызға осы сынды WhatsApp туралы қызық деректердің топтамасын ұсынамыз:

• WhatsApp мессенджерін Yahoo! компаниясының бұрынғы қызметкерлері құрған;

• Twitter басшысына WhatsApp қызметін алғаш құрылған кезде еншілеп алуына мүмкіндік болған. Дегенмен болашағына сенбей, келісімнен бас тартады. Кейін құны Twitter компаниясынан да қымбат болып кеткен мессенджерді Марк Цукерберг сатып алады. Бұл Tуиттердің компания тарихындағы ең оғаш қателігі болса керек;

• 2009 жылы Facebook қызметтің негізін салушылардың бірі Брайан Эктонды жұмысқа алмайды. Бір қызығы, Брайанның идеясын құптамаған Facebook бес жыл өтіп сол идея негізінде құрылған WhatsApp компаниясын сатып алады;

• Facebook келісіміне дейін онлайн қызметті Google сатып алуды ұсынған. Эрик Шмидт мессенджер үшін Google 10 миллиард АҚШ долларын беруге дайын екенін хабарлайды;

• WhatsApp – маркетинг пен жарнамаға мүлде қаржы жұмсамаған әлемдегі жалғыз компания;

• WhatsApp-тың құны NASA агенттігінің жылдық бюджетінен жоғары;

• WhatsApp бөлімшесінің 55 қызметкері бар;

• WhatsApp қосымшасын Android, iOS, NokiaWindows Phone және BlackBerry платформаларында 32 тілде қолдануға болады;

• WhatsApp іске қосылғалы хабарлама жіберу 75%-ға төмендеген. Оның есесіне фото және видео алмасу беделі артқан;

• Күн сайын бүкіл әлемде WhatsApp арқылы 30 миллиард хабарлама жіберіледі;

• Күнделікті 200 миллион дыбыстық хабарламалар жіберіледі;

• WhatsApp мессенджерін әрбір қолданушы орташа есеппен аптасына 195 минут пайдаланады;

• Орташа есеппен әрбір қолданушы күніне 23 рет WhatsApp-қа кіреді;

• Қазіргі кезде онлайн қызметтің 800 миллион белсенді қолданушысы бар;

• WhatsApp платформасына күн сайын 1 миллион адам тіркеледі;

• Күн сайын 700 миллион сурет жіберіледі;

• WhatsApp қолданушыларының 10 пайызы Үндістан азаматтары болып табылады;

• Интернеттегі селфилердің 27 пайызы мессенджерге жүктелген;

• Күніне 100 миллион видео жіберіледі;

• WhatsApp Аргентинада қолданылатын смартфондардың 84 пайызына жүктелген;

• Финляндия азаматарының 17 пайызы ғана мессенджерді пайдаланады;

• WhatsApp мессенджері – Android онлайн дүкенінде ең көп жүктелетін бес қосымшаның бірі;

Сырттай бақылағанға WhatsApp ұтымды инвестиция айнасы болып көрінуі мүмкін. Шындығында олай емес. Себебі хабарлама алмасу қызметі тіркелгендерден 1 АҚШ доллары көлемінде жылдық өтемақы ғана алып отырады. Ал мессенджердің ішінде жарнама беттері мүлде қолданылмайды.

Ж. Өрісбай