Стив Возняк: «Жасанды санадан қауіптенудің қажеті жоқ, себебі ол бізді жеңіп үлгерген»

Стив Возняк: «Жасанды санадан қауіптенудің қажеті жоқ, себебі ол бізді жеңіп үлгерген»
Фото: www.bloomberg.com

Apple корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк Массачусетс штатында көптің алдына шығып, сөз сөйлеген кезінде жасанды сананың дамуына қатысты өз пікірін білдірді. Ол робот технологиясының дамуынан қауіптенбеуге шақырды. Себебі, оның ойынша, машина бізді әлдеқашан жеңіп үлгерген.

«Адам баласы технологияның дамуына тым көп уақыт бөліп жатқан сияқты. Сондықтан біз белгілі бір деңгейде темір механизмдердің тұтқынына айналып үлгердік», - дейді Стив.

Сондай-ақ, Стив Apple компаниясын құру алдында, жасанды сананы қалыптастыру туралы ойлап та көрмегенін, тек компьютерлермен жұмыс істеуді ұнататынын және адам баласы үшін пайдалы өнім шығаруды мақсат еткенін айтады.

«Одан бөлек, компьютерлерді білім беру саласында мөлшерден артық қолдануды құптамаймын. Себебі ол балаларды толығымен тәрбиелеп, шығармашылық мүмкіндігінің дамуына жол ашып бере алмайды. Дарынды балаларды танып, оларға жан-жақты мүмкіндік жарататын жүйе дайындау керек. Ал электронды оқулықтарға толы компьютерлер мынадай тәжірибені жүзеге асыра алмайды», - дейді Стив Возняк.

Ұқсас жазбалар: 

Жасанды сана адамзат үшін қажет пе?

Билл Гейтс жасанды сананың дамуына қарсы

Ж. Өрісбай