Интернеттің барлық бетін көшіру үшін қанша қағаз қажет?

Интернеттің барлық бетін көшіру үшін қанша қағаз қажет?
Фото: www.rg.ru

Британдық Лестер Университетінің бір топ студенті ерекше зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сүбелі статистикаға ие болды. Олар қазіргі интернеттің барлық бетін көшіріп шығаруға қажет болатын қағаз саны мен сол қағазды жасауға керек ағаш көлемін анықтаған. 

Жас зерттеушілер алдымен ғаламторда ізделінетін әрбір сайттың шамамен қанша бетті қамтитынын есептеген. Бұл сайттар тізіміне жабық интернеттің, нақтырақ айтар болсақ, Tor сынды браузер арқылы ғана кіруге болатын анонимді веб-беттер кіріктірілмеген. Мысалы, кез келген ғаламтор қолданушысына қол жетімді «Уикипедия» веб-сайтындағы бір ақпарат орташа есеппен A4 көлемдегі 15 бетті қамтиды екен.

Барлық тілдердегі «Уикипедия» қызметін басып шығару үшін 71 миллион дана қағаз қажет болады екен. Ал қазіргі интернетте «Уикипедия» сынды 4,54 миллиард веб-бет бар. Сонымен, соңғы статистикалық меже 68 100 002 500 А4 көлемдегі қағазға тең болды. Ал бір ағаштан 8500 бет қағаз шығарылатынын ескерсек, жалпы интернетті басуға жұмсалатын қағазды дайындауға 8 011 765 дана ағаш қажет болатыны анықталған.

Дегенмен жас ғалымдардың айтуынша, қарапайым веб-сайттың бір ақпараты орташа есеппен 15 бетке тең деп алу аздық етеді. Сондықтан британдық студенттер сандық нәтижені екі еселеген (136 миллиард дана қағаз).

Ал зерттеу қорытындысында статистикаға интернеттегі жабық сайттардың ескерілмегені нақты жазылған. Себебі анонимді интернет сайттарының жалпы көлемін анықтау мүмкін емес екен. 

Ұқсас жазбалар: 

Кітаптың орнын интернет алмастыра ала ма?

3 жастағы қазақ баласы Ильяс – интернет жұлдызы

Ж. Өрісбай