Телефонның қабын қолдан жасауға болады

Телефонның қабын қолдан жасауға болады

Телефоныңыздың қабын жоғалтып алсаңыз немесе телефон сатып алсаңыз, оған қап керек болады. Дүкенге баруға уақытыңыз болмай, гаджетіңіздің корпусын бүлдіріп аламын деп қорықсаңыз, қолдан уақытша қап жасап алуға болады. Ол үшін шарларды пайдаланасыз.

Алдымен шарды ауаға толтырып алыңыз. Содан соң үстіне телефоныңызды қойып, шар ішіндегі ауаны жаймен шығарыңыз. Ауа шығып жатқан кезде гаджеттің үстінен жайлап басып отырыңыз. Ауа толығымен шыққан соң шар телефонның корпусына жабысып қалады. 

сурет: видеодан скриншот

Е. Қайрахан