Смартфоныңызды енді 30 секундта қуаттауға болады

Смартфоныңызды енді 30 секундта қуаттауға болады

Израильдік StoreDot компаниясы жылдам қуатталатын батарея жасап шығарды. Жаңа технология мобильді телефондардың бірнеше секундта, ал электромобильдердің бірнеше минутта қуатталуына мүмкіндік береді.

Батарея нанотехнологияның көмегімен жасалған. Тәжірибе жүзінде тестілеуден өткізуге арналған батареяның прототипі әзірге смартфондарда қолдануға үлкендік етеді. Бірақ компания инженерлерінің айтуынша, батарея 2016 жылға қарай смартфонға бейімделетін болады. Қуаттауға кететін уақыты небәрі - 30 секунд.

Дорон Мейрсдорф есімді өнертапқыш - StoreDot компаниясының негізін салушы және атқарушы директоры. Ал оның негізгі шетелдік инвесторы ресейлік миллиардер Роман Абрамович екен.

Инновациялық технология нанонүктелердің негізінде, яғни құрылғыны барынша кішірейтуге бағытталған жоба аясында құрылған. Батареяның құрылымында бар нанонуктелер қуатты кішірейтіп жинауды қамтамасыз етеді. Және оның көлемі де кішкене болады.

Қазіргі кезде StoreDot 48 млн $ көлемінде инвестиция жинақтай алған. Енді компания инженерлеріне батареяның көлемін кішірейту үшін біршама уақыт қажет болады.

Сурет: www.digitaltrends.com

Ж. Өрісбай