Youtube жаңа қызмет түрін ұсынады

Youtube жаңа қызмет түрін ұсынады

Осыдан бір жыл бұрын Youtube видеохостингі жеке музыкалық қызмет түрін шығаратыны туралы ақпарат тараған болатын. Ал содан кейін жалпы жобаға қатысты еш нәрсе жарияланбады. Осы аптаның басында айтылмай кеткен музыкалық жоба туралы Youtube-тің бас директоры Сьюзен Воджиски айтып берді.

CNet ғаламтор ресурсының хабарлауынша, Сьюзен Youtube мамандарының жаңа музыкалық жобаны дайындап жатқандарын растады. Дегенмен оның қашан қолданысқа енгізілетіні туралы айтылмады. Ол тек жуырда шығады деумен шектеліп өтті.

«Менің ойымша, біздің мол мүмкіндіктеріміз бар. Себебі музыканың саны көп, жанры да түрліше. Бұл қызмет түрі қажет әуенді жылдам тауып беруге көмектесетін болады», - дейді бас директор.

Youtube видеохостингінің жаңа жобасы Spotify қызметіне ұқсас болуы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Тек оның бір артықшылығы – тіркеліп, сосын мұрағаттан керек әнді көшіріп алу толығымен тегін жүзеге асырылатынында. Бағдарламашылардың туиттерде қалдырған туиттерінен белгілі болғандай, аталған жоба биыл бірнеше рет қолданысқа енгізілмек болған. Бірақ кейбір кері пікірлердің туындауынан жоба кейінге қалдырылып келген.

Айта кетсек, Google компаниясы Youtube-тің жаңа музыкалық қызмет түріне үлкен үміт артып отыр. Себебі жарнама беруші агенттіктер көбіне осы саланың межесінде көптеген ұсыныс тастайды. Көп өтпей, осы жылдың соңына қарай, жаңа қызмет түрін қолдануға мүмкіндік туады деп сенеміз.

Сурет: www.nutech.nl

Ж. Өрісбай