iPhone, iPad-қа арналған қазақша пернетақта жасалды

iPhone, iPad-қа арналған қазақша пернетақта жасалды

iOS-тың барлық бағдарламасында қазақша басуға мүмкіндік беретін пернетақта жасалды. Қосымшаның аты - Kazakh Keyboard Kazetu.

"Бұл қосымша осы күнге дейін iOS жүйесіндегі Apple өнімдерінде қазақша пернетақтаның болмауы, адамдардың хат-хабар алмасуында қазақша әріптердің болмауы тарихын аяқтайды деген үміттеміз" , - дейді қосымша авторлары.

Сонымен қатар: "қосымшаның басты ерекшелігі – біріншіден, барлық бағдарламада қазақша пернетақтаны пайдалануға болады, екіншіден, тігінен және көлденеңінен орналастыруды қолдайды", - деп түсіндірді өнімді жасаушылар.

Өнімнің itunes.apple.com торабындағы суреттері:

Сурет: goheadcase.com, itunes.apple.com

M. Auelkhan