iMac-тың даму эволюциясы

iMac-тың даму эволюциясы

Apple компаниясының бірнеше күн бұрын жасаған таныстыруы туралы көптің құлағы есіткен болса керек. Таныстырудағы ең маңызды аппараттардың бірі – iMac болды.

2014 жылғы модель 5120-ке 2880 пиксельді Retina дисплейіне ие болған. Сыртқы дизайны бір көргеннен артық сөзді талап етпейтін деңгейде жасалған.

Силикондық моноблоктың алдыңғы нұсқалары да осындай артықшылықтарға ие болған ба? Ендеше аталған аппараттың 16 жыл бойы қандай өзгеріске енгенін саралап көрелік.

Бірінші нұсқа – iMac G3 деп аталды. Ол 1998 жылдың тамыз айында сатылымға шыққан болатын. Оның құрылымының қалыптасуына Джонатан Айвтың өзі қатысқан. Машина 14-дюймді түрлі-түсті ЭЛТ-экранға ие ерекше корпуспен қапталған еді. Компьютердің оперативті жүйесі Mac OS 8 болып табылған.

Екінші ұрпағы 2002 жылы жарыққа шықты. Сол кезде тұтынушылар Mac OS X платформасындағы алғашқы қайта жаңартылған iMac G4 компьютерінің толық нұсқасына қол жеткізе алды. Оның ең бір артықшылығы заманауи қалыпты білдіретін жұқа панельді болып шыққаны еді. Оның 15, 17 және 20 дюймді нұсқалары сатылымға шығарылды.

Дегенмен, компания сол жылы G3 өнімінің құрылымын қайталайтын eMac компьютерін де шығарып үлгерді. Мұнда ЭЛТ-экран сақталып қалған. Сарапшылар ескі экранға компания шығындарының ретін азайту мақсатында қайта оралғанын айтады.

Кейінгі өзгеріс не алып келді? iMac G5 араға екі жыл салып сатылымға шықты. Жаңа модель «барлығы біреуде» принципін ұстанатын, ақ түсті болып шығарылды. Дегенмен оның көлемі өзгеріссіз қалған. Тек 2006 жылға келіп, силикондық компанияның инженерлері көлемді 24 дюймге дейін үлкейте алды. Оған iSight камерасы да қондырылды.

iMac сериялы компьютерлердің толық өзгеріске енуі 2007 жылы орын алды. 17-дюймді нұсқаларды шығару мүлде жобадан алып тасталды.

Моноблок 2012 жылға келіп максималды әмбебап тұрғыдан құрастырыла бастады. Оның 27-дюймді нұсқалары LED сапасымен қамтамасыз етілетін болды. Сондай-ақ, оның ені 5 мм-ге дейін қысқартылды.

Эволюциялық даму көрсеткішінің соңғы буыны ағымдағы жылы таныстырылған iMac болып табылады. Өзге электроника өнімдерін құрастыратын компаниялар 4K сапасына ұмтылып жатса, Apple олардан бір саты жоғарылап кетті. Компанияның берген мәлімдемесіне орай, Retina iMac 5K моноблогы өз бақталастарын 67 пайызға артта қалдырып кетеді екен.

Сурет: gadgetblog.ru

Ж. Өрісбай