Массагет сайты неліктен өзгеріске ұшырады?

Массагет сайты неліктен өзгеріске ұшырады?

Құрметті сайт оқырмандары! Бүгін сайтымыздың экранға бейімделгіш нұсқасын іске қостық. Мүмкін, кейбіреулеріңіз порталдың жаңа дизайнына бойыңызды үйрете алмай жатқан шығарсыздар? Осы себепті, сайттың жаңа нұсқасы туралы қысқаша мағлұмат берсек деп отырмыз.

Алдымен, айта кетейік. Сайтта әлі техникалық қателер бар. Олар алдағы бірнеше күннің ішінде сіздердің көмектеріңізбен жөнделіп шығады. Сондықтан, көрген кемшіліктеріңізді осы жерге пікір ретінде қалдыруларыңызды сұраймыз.

Жақсы жаңалық ретінде айтарымыз, сайтты енді қандай гаджетпен оқысаңыз да (телефон, смартфон, планшет, компьютер)құрылымы құрылғыңыздың үлкен-кішілігіне орай ыңғайланып отырады.

Сайттың структурасында аздаған өзгерістер бар. Қазір сайт негізгі 6 модульден тұрады: 

1. Мәтін түріндегі жаңалықтар мен танымдық мақалалар бөлімі. (Сайттың бастапқы бөлігінде)
2. Блогтар
3. Бірге аударайық
4. Форум
5. Фоторепортаждар
6. Massaget TV 

Келе жатқан аптаның басында сайтты бұдан да кеңірек таныстыратын боламыз. Әзірге, сайттағы қателіктерді жөндеп, бұдан да жақсы етуге атсалысуларыңызды сұраймыз. 
 
Е. Қайрахан