Селфи жасауға арналған камерафон шығарылады

Селфи жасауға арналған камерафон шығарылады

Жуырда HTC компаниясы өзінің One M8 смартфонының жаңартылған нұсқасын шығарады. Оның негізгі атауы One M8 Eye болмақ. Атауының өзіне мән берер болсаңыз, смартфон камерасының дамытылған үлгіде болатынына сенімді бола бастайсыз.

Қазіргі қолданыста жүрген HTC One M8 смартфоны Ultrapixel үлгідегі 4 МП камерамен жасақталған болатын. Ал жаңа нұсқа 13 МП-ді модульге ие болмақ. Сонымен қатар, жаңартылған аппарат 5.2-дюймді дисплеймен көмкерілетін болады және төртядролы Snapdragon 801 процессорымен жұмыс істейді деп күтілуде. Аталған қытайлық брендтің жаңа гаджеті TENNA ұлттық агенттігінде сертификаттаудан сәтті өтіпті. Ендеше компания өз өнімін нарыққа шығаруға толық дайын екендіктерін білдіріп отыр.

Айта кетейік, HTC One M8 Eye смартфоны 8 қазан күні экшн-камералар көрмесінде таныстырылатын болады. Аталған техно көрме АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтеді.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: 24gadget.ru

Ж. Өрісбай