Roombot – сіздің болашақтағы техно жиһазыңыз

Roombot – сіздің болашақтағы техно жиһазыңыз

Алдағы 15-20 жылда инновациялық технология үй жиһаздарына да келіп жететіні айдан анық. Осындай жобалардың бірі Roombot болып табылады. Ол өзі дербес күйде түрлі пішінге ене алатын күрделі механизмге ие болмақ.

Швейцарияның Лозанна қаласындағы Федералды Политехникалық жоғары мектебінің инженерлері өзіндік жобаның қарт адамдар мен физикалық шектеуі бар болған адамдарға көмек көрсету мақсатында жасалып жатқанын айтады.

Нақты айтқанда, Roombot – арнайы қосылатын және үзілетін тетіктері бар трансформерлі жиһаз болмақ. Сондай-ақ, Roombot өз пішінін өзгертіп қана қоймай, орнынан қозғала алатын да болады.

Әзірге жоба күйінде ғана дайын болып тұрған модель алдағы уақытта адам өмірінің айрылмас бөлшегіне айналатына еш шүбә жоқ.

Жоба туралы толығырақ видеодан тамашалаңыздар:

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.fastcodesign.com

Ж. Өрісбай