Құрастырушылар Android платформасын құптайды, бірақ iOS көбірек табыс алып келеді

Құрастырушылар Android платформасын құптайды, бірақ iOS көбірек табыс алып келеді

Қай платформаға қосымшаларды жүктеу мәселесі келгенде, әрбір бағдарламашының таңдау мүмкіндігі бар. Кейбіреулері екі платформаға бірдей қосымша жасай алса, тағы біреулері екі бірдей ресурсқа қол жеткізе алмайды. Осы орайда, көптеген бағдарламашылар өз тәжірибелерін арттыру мақсатында Google ұсынған операциялық жүйені таңдайды екен.

Әлемнің 137 елінің 10 мыңнан астам бағдарламашыларына сауалнама жүргізген VisionMobile сараптама жасаушы компаниясының ақпаратына сенсек, олардың 70 пайызы Android операциялық жүйесін негізгі платформа ретінде қолданатын болып шықты.

Сауалнамаға қатысқан құрастырушылардың 51 пайызы iOS платформасын өз табыс көзіне айналдырған. Себебі Apple ұсынған платформада қолданылатын қосымшалар Android операциялық жүйесіндегі қосымшаларға қарағанда әлдеқайда қымбат болады.

Сонымен қатар, соңғы жылдары Micrososft ұсынған Windows Phone платформасы да бәсекелестікке қабілетті болып, өз пайыздық көрсеткішін жыл сайын 7-8 пайызға көтеріп келуде.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: appleinsider.ru

Ж. Өрісбай