Қызықты қосымшалар: iBooks - кітап оқуға арналған қосымшасы (iOS үшін)

Қызықты қосымшалар: iBooks - кітап оқуға арналған қосымшасы (iOS үшін)

Бүгін сіздерге iOS операциондық жүйесі базасында жасалған гаджеттерге арналған қызықты қосымшаның алғашқысын таныстырып отырмыз. Сонымен таныс болыңыздар – iBooks қосымшасы. Дәлірек айтсақ, кітап оқуға арналған жиынтық. Apple компаниясының  барлық өнімдеріне сай келеді. Ал бастысы – қосымша ресми онлайн-дүкенде (AppStore) қолданушыларға тегін түрде де ақылы нұсқада да ұсынылады. Ендігі қосымшаға жақынырақ үңілсек...

AppStore-дан кітаптар жүктеп алу.

Өкінішке орай, AppStore-дан кітаптарды тек америкалық аккаун иелері ғана жүктеп ала алады. Егер сіз App Store-да USA қосымша аккаунтын тіркегіңіз келмесе, бірден Free (яғни «тегін») бетіне өтіңіз. Бұл жерде кітаптардың барлығы сізге тегін ұсынылатын болады. Шыны керек, олардың басым көпшілігі ағылшын тілінде.  Алайда бұл iBooks тілінде жаттығу үшін сізге берілген үлкен мүмкіндік.

Сонымен, ең алдымен iBooks қосымшасын іске қосып, «Store» батырмасын басамыз: осы кезде кітап сөресі төңкеріліп, біз бірден кітап дүкеніне тап боламыз. Кітаптарды олардың рейтингтері немесе санаттары бойынша таңдай аламыз. Көзілдірік белгісіне өтсеңіз, бұл жерде кітаптар олардың авторлары бойынша іріктеліп, сізге тегін және ақылы түрде ұсынылады. Авторды таңдап, кітапты да белгілейсіз. Одан соң «Free» батырмасын бассаңыз, ол жасыл түсті «Get book» (Кітап жүктеу) айналады. Осы кезде қосымша сізді кітап сөресіне лақтырып, сол жерден жаңа ғана жүктелген кітапты көре аласыз.

12

iBooks кітап сөресіндегі басқа да қызмет түрлері

Ортаңғы бөліктің жоғары жағында орналасқан батырма түрлі сөрелерге ауысуға мүмкіндік береді. Ол екі түрлі болып келеді: алғашқысы кітапты Epub форматында оқуға жағдай жасаса, екіншісі PDF нұсқа.

Сондай-ақ атын өзіңіз қоя отырып, жеке кітап сөреңізді де жасауға әбден болады. Біріншіден екінші сөреге ауысу үшін экран бетін парақтасаңыз жеткілікті. Кітаптарды да сөреден сөреге оңай алмастыра аласыз. Егер сізге сөрелердің сыртқы келбеті ұнамаса (немесе ыңғайсыз болса), онда оларды тек тізім түрінде көрсететін режимге өтіңіз.  

iBooks-ке өз кітаптарыңызды жүктеу

Кітаптарыңызды компьютеріңізден iBooks-ке жүктеу үшін iTunes-ті қолданған жөн.

1. iTunes-ті іске қосып, ондағы менюден Файл пунктін таңдап алып, жүктеп алғыңыз келетін кітапты «Медиатекаға қосасыз».  Бастысы кітаптың PDF я болмаса ePub форматында екенініне көзіңізді жеткізіңіз. Себебі iBooks қосымшасы тек аталған екі форматты ғана оқи алады. Жүктелген кітаптар iTunes медитекасында (Кітаптар бөлімінде) пайда болады.

2. iPhone-ды кабель арқылы қосасыз немесе синхрондау wi-fi-мен орындалатын болса (iOS 5.0 және одан жоғары нұсқалардағы құрылғылар үшін) кабельді қосудың қажеті жоқ. Тізімнің ішінен өзіңіздің iPhone-ды тауып алып, Кітаптар парақшасына өтесіз.

Сондай-ақ бұл жерде мәтіндік және де аудиокітаптарды синхрондауды баптауға болады. Біз тек алғашқысы жөнінде тоқталып өтейік. «Кітаптарды синхрондау» жолына жалауша қойып, қай кітаптарды синхрондау керек екенін өз қолыңызбен көрсетесіз. Айта кетейік, кітап форматы ePub немесе PDF түрінде болуы шарт. Осы амалдарды жасағаннан кейін, өзіңіздің iPhone-ыңыздағы iBooks сөресінде жаңа кітаптар пайда болады.

3

4

3. iTunes-те кітаптардың кейбір қызметтерін басқаруға болады: Ол үшін тағы да Кітаптардың медиатекасына өтіңіз, қажет кітапты белгілеп, оі жақ батырмадан Ақпарат пунктін таңдаңыз (Mac компьютерлерінде Cmd+i бар тіркесін бассаңыз болады). Бұл жерден кітап авторы мен атауын ауыстырып қана қоймай, оларға арналған мұқбаны да таңдасаңыз болады.   

iBooks-ке арналған кітаптардың конвертерлері

Шыны керек, iBooks қосымшасының тек PDF пен ePub форматтарын ғана оқитыны қолайсыздық тудырып жатады. Дегенмен ePub форматына кез-келген мәтіндік файлды жүктеуге болатынын айта кетейік. Ол үшін ebook.online-convert.com сияқты бірнеше тегін онлайн-қызметтерін пайдалансаңыз болады.  

doc, rtf, txt, html және тағы да басқа  форматтағы файлдарды жүктеп алып, құрылғылар тізімінде өзіңіз оқығыңыз келетін нұсқаны таңдасаңыз жеткілікті. Қалауыңызша кітап авторы мен атауын да көрсетіңіз. Одан кейін «Convert» батырмасын басып, аз уақыт күтсеңіз, кітабыңыз ePub форматына түрленетін болады.

iPhone-ға арналған кітаптарды қайдан аламыз?

Мысал ретінде келтіретін болсақ, flibusta.net сайтында ePub форматындағы көптеген кітаптардың архивтері бар. Бұл жерден сіз өзіңізге ұнаған шығарманы тауып алып, оны iPhone-ыңызға жүктей аласыз.

iBooks кітап оқуға арналған қосымшасы iOS 4.2 және оған дейінгі барлық нұсқалары базасында жұмыс жасайтын қосымшаларға қондырылады.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: ilounge.com

Б. Қосмағамбет