ZeitEco: қыдыруға арналған скутер (ВИДЕО)

ZeitEco: қыдыруға арналған скутер (ВИДЕО)

Еріктілер тобы нарыққа ZeitEco деген атпен жаңа электр скутерін енгізуді жоспарлап отыр. Осы оймен топ қаржылық көмек сұрап, өтініштерін Kickstarter сайтына жариялады. Модель барлық сынақтардан өтіп, сериялық өндіруге дайын күйде тұр.

ZeitEco басқа скутерлерден шағын көлемімен ерекшеленеді. Көлік аудиожүйемен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, құрылғыларды қуаттау үшін USB порт та қарастырылған. Түнгі көшеде скутерді жарық диодты шамдар қоршап тұрады. Модельдің формасын қозғалмалы панелдер арқылы өзгертуге де мүмкіндік бар. Аккумулятордың қуаты 1 сағатқа немесе 24 километр жүруге жетеді.  Батареяны кез келген розеткадан қуаттай беруге болады. Максималды жылдамдық - 15 км/сағ.

пр\
ол
ол
лд
 
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: zhelezyaka.com