Жол полициясы жарнама үшін де айыппұл салатын болды

Жол полициясы жарнама үшін де айыппұл салатын болды

Қазақстанда автокөлік нөмірлерін қоршап тұратын жарнамалық қалыптар үшін айыппұл салына бастайды екен.

Логотип немесе телефон нөмірі бейнеленген мемлекеттік нөмірлер де жарнама қатарына енетін болады деп мәлімдеді республикалық Жол Полициясы комитетінің өкілі Мұрат Иманбаев. Белгілі болғандай, актокөлікке жарнама қою үшін арнайы рұқсат алу керек екен.

Мұндай құқық бұзушылық жасаған жүргізуші 5 МРП (8 655 тенге) көлемінде айыппұл төлейтін болды. Бірақ комитет өкілі полиция қызметкерлерінің бұған әзірге көз жұма қарап жүргенін айтады.

Десек те, қазақстандық автобизнес Ассоцияциясы бұл құқықбұзушылыққа қарсы ой-пікірде екенін жеткізген. ҚАА басшысы Андрей Лаврентьевтің ойынша, көлік нөміріндегі рама жарнамалық емес, ақпараттық маңызға ие.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: yandex.kz

А. Құлтай