Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Авто. Шанақ түрлері

Авто. Шанақ түрлері

Авто. Шанақ түрлері

Шанақ (Кузов) – Жолаушы мен жүкті тасымалдауға арналған көліктің құрамдас бөлігі. Шанақ көліктің рамасына бекітіледі. Рамасы жоқ шанақтардың түрлері де болады. Оларға көліктің қалған құрамдас бөліктері бекітіледі. Жеңіл көліктердің кең таралған шанақ түрлерін қарастырайық.

Минивэн – көліктің рөлі машинаның алдыңғы білігінің тура үстінде орналасқан, біркөлемді, жолаушыларды тасымалдауға арналған шанақ түрі. Бұл анықтамаға жапондық және корейлік көліктерді жатқызуға болады.

 

Кабриолет - жиналмалы төбесі бар шанақтың түрі. Жұмсақ жиналмалы тент пен шешілмелі бүйір терезелермен жабдықталады. Халықаралық классификацияға байланысты бұл көліктің бүйір терезелері түсірілмелі емес, шешілмелі.

 

Купе – екі немесе үш көлемді есіктері бар жолаушылар шанағы. Бір негізгі немесе бір негізгі және бір қосымша отырғыштар қатарымен жабдықталады.

Лимузин – жолаушылар шанағы, бірінші мен екінші қатарлардың арасында қорғаныс қалқасы болады. Германияда бұндай шанақты көліктерді Pullman деп атайды. Кейде лимузин деп құрамында 3 тен кем емес отырғыштар қатары болатын көлікті атайды.

 

Пикап – жолаушы мен жүкті тасымалдауға арналған шанақ түрі. Жүкті орнату платформасы ашық түрде орындалған. Көлік кабинасы мен жүк салғыш стационарлы қалқамен ажыратылған.

 

Родстер – ашық, екі орынды жолаушыларға арналған шанақ түрі. Алынбалы, жұмсақ төбесі болады.

 

Седан – үш көлемді, төрт есігі бар көлік шанағының  кең таралған түрі. Шет елдерде басқа атауларға ие: АҚШ - Sedan, Англия – Saloon, Франция – Berline, Германия – Limousine, Италия – Berlina.

 

Универсал – үлкен көлемді жүкті тасымалдайтын орны бар жолаушылар шанағы. Артқы отырғыштар қатарын алып тастауға болады. Соның салдарынан жүк салғыштың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Екі көлемді, артқы есігі бар шанақтың жүк салғыш орны жолаушылар салонынан қалқамен қоршалмаған.

Фургон –  шанағы жабық жүк көлігі. 2. Жүк пен жолаушыны тасымалдайтын көліктің шанағы. Жолаушы мен жүк орындары бір-бірінен қалқамен қоршалған. 80-90 жылдары қосымша отырғыштар мен бүйір тереземен жабдықталған көліктер үлкен сұранысқа ие болған. Басқа атаулары: Англия - Van, Германия - Kastenwagen,  Франция - Fourgonette. 

 

Хэтчбек – универсалға ұқсас шанақ түрі. Айырмашылығы еңкейтілген артқы есігінде, сондықтан жүк салғыштың көлемі де кішірек болады. 

 

Суреттер: giva.com

11353 19
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 12 наурыз 2012, 13:00
Пікірлер
+1
12 наурыз 2012, 13:49

тағы мынадай бесесікті седан бар. Хетчбек пен седанның қосындысы

+0
12 наурыз 2012, 13:50

хетчбекте, седанда бола алады

+0
12 наурыз 2012, 13:51

мынауың бір монстр ғо

+0
12 наурыз 2012, 13:59

БМВнің 5 сериясында да бар мұндай шанақтар) ал мынау негізі Шкода) өтте ыңғайлы!

+0
12 наурыз 2012, 14:03

суперб қателеспесем, расында да ыңғайлы екен, ыңғайын тапсаң, жылқыны да сыйдыруға болатын сияқты

+0
12 наурыз 2012, 14:05

ия, Нарыңқолдан соғымды соймаяқ әкесең болад)))

+0
12 наурыз 2012, 14:06

Нарынқолдан болдың ғой?

+0
12 наурыз 2012, 14:09

жоқ, просты Нарыңқолдың еті мен кәтрөшкісін бірге асып жесең... ойй кереметқо)))

+0
12 наурыз 2012, 13:53

Қазаққа мінуге жарай ма екен?!

+0
12 наурыз 2012, 13:55

әрине

+0
12 наурыз 2012, 14:00

Ауылдан Алматыға қой тасысаңда болад)))

+0
12 наурыз 2012, 14:08

мына мақала негізі қыздарға пайдасын тигізер, көліктердің шанақтарын шатастырып отырады әрдайым

+0
12 наурыз 2012, 14:13

Асеке, жыл көлігіндегі ап бар ғо, соны көрсейш, сілтемесі де бар

+0
12 наурыз 2012, 15:17

несін көрейін?

+0
12 наурыз 2012, 15:24

аа, көрдім) керемет)

+0
12 наурыз 2012, 15:06

О мынандайды біліп алған жөн екен.

+0
12 наурыз 2012, 15:13

Әсіресе қыздарға, рахмет

+0
12 наурыз 2012, 23:12

мына материал жақсы екен )

+0
25 қаңтар 2015, 15:23

бұл жерге бүгін тіркелдім, біраз ақпарат алдым.рахмет)))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...