Mercedes-Benz SL 65 AMG көлігінің алғашқы суреттері пайда болды

Mercedes-Benz SL 65 AMG көлігінің алғашқы суреттері пайда болды

Brabus неміс тюнинг-ательесі Mercedes-Benz SL 65 AMG жаңа көлік моделін ұсынды. Қазірдің өзінде Интернет бетінде суреттері пайда болған көлік келесі аптада Женевада өтетін автосалонда ресми түрде таныстырылады. 

Мамандар көліктің қуатын да арттырған. Ол енді 800 аттың күшіне пара-пар болады. Қозғалтқыш 7 сатылы AMG SPEEDSHIFT PLUS 7G-TRONIC автоматты беріліс қорабымен жұмыс жасайды. 

1

Mercedes-Benz SL 65 AMG көлігі жасалған өзгерістер арқасында, енді сағатына 100 шақырым жылдамдықты 3,7 секундта-ақ еңсере алады. Ал оның максималды жылдамдығы 350 сағ/шақ-ды құрайды.

2

Оның сыртқы бөлігі де өзгеріске ұшыраған. Көлік жаңа бамперге ие болып, диффузоры да жаңартылған. Одан бөлек, ол 20-дюймды дискпен ерекшеленеді. Интерьері болса, дәстүрлі түрде көмірпластик пен ағаштан жасалған. Салон толықтай терімен көмкерілген.  

3

Мамандар оның бағасын 59 миллион теңге төңірегінде болады деп жоспарлап отыр. 


Б. Қосмағамбет