Спорттық Lada Granta биыл жаз айында сатылымға шығады

Спорттық Lada Granta биыл жаз айында сатылымға шығады

"АвтоВАЗ" ААҚ еншілес кәсіпорны Lada Motor Sport Technologies 2013 жылдың жаз айынан бастап Lada Granta Sport көлігін нарыққа шығара бастайды.

Дәлірек айтсақ, көліктердің жаппай сатылымы 2013 жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр. "АвтоВАЗ" хабарлауынша, бір көліктің бағасы 2 215 000 теңге төңірегінде болмақ. 2013 жылы жалпы саны мыңға жуық көлік шығару жоспарланып отыр. Одан әрі қарай мекеме сұранысқа қарай көлік санын арттырмақ. Компания қазіргі кезде жылына 5000 көліккке дейін шығаруға қауқарлы екен.

"Бұл көліктер негізінен жастар арасында үлкен сұранысқа ие болады деген сеніміміз бар. Бағасы да анау айтқандай қымбат емес. Қазірдің өзінде сатып алам деушілердің саны аз емес",-дейді дилерлік орталықтың директоры. 

Осыған дейін, Қазақстанда Lada маркалы көліктердің танымалдылығы Ресейден екі есе жоғары деген ақпарат пайда болған еді. Осы жылдың ақпан айында ғана Lada маркалы көліктердің 1772 данасы сатылып үлгерген. Сондықтан да, компания өкілдері жаңа көліктің Қазақстанда да үлкен қарқынмен сатылатынына сенімді. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: carfactum.ru

Б. Қосмағамбет