Chevrolet мультфильмге арнайы «Камаро» жасады

Chevrolet мультфильмге арнайы «Камаро» жасады

Chevrolet компаниясы Чикагодағы авто шоуда арнайы «Турбо» мультфильмінің жарнамасына жасалған Camaro ZL1спорткупесін көпшілік назарына ұсынды. Бұл көлік сонымен қатар, аталған мульфильмнің өзінде де пайда болуы мүмкін. DreamWorks  студиясы ұсынғалы отырған мульфильм АҚШ елінде ағымдағы жылдың 19 шілдесінде жарыққа шығады.

 

Сегіз цилиндрлі қозғалтқышы бар Camaro ZL1-ді түзеулердің арқасында агрегат серпуін 580-нен 700 ат күшіне арттыруға мүмкіндік берген. Сонымен қатар, көліктің беріліс қорабын автомат ауыстырған.

Спорткарды COPO модификациясының капотымен, кузов агрессивті обвеспен, артқы диффузормен және антиқанаттармен  жабдықтаған. Көлік сондай-ақ, жаңа жарықдиодтық жарық техникасымен және әрқайсысының диаметрі 127 миллиметр болатын төрт массивті келте құбыры бар шығарушы жүйемен жабдықталған. «Камароның» кузовы қара хром тәріздес винилді қабықшамен жапсырылған.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: autoplus.su, camaro5.com 

Ж. FM