Интернет-автомобиль

Интернет-автомобиль

Таяуда атышулы автосалондардың бірінде неміс дизайнерлері көпшіліктің назарына интернет-автомобильді таныстырды.

Мұндай көліктің иесі бір уақытта жол үстінде саяхаттап, интернет әлеміне сапар да шеге алады. Бар болғаны, яғни сапарға шықпас бұрын гаджетті автомобильдің арнайы жасалған бөлігіне қосу керек. Ал содан кейін барып жол үстінде көңіл алаң болмай, еш кедергісіз, дауыс арқылы басқарылатын жүйенің көмегімен интернеттен өз іздегенін тауып, керек кезінде дерек-ақпаратқа қаныға алады. 

Сонымен қатар инновациялық транспортқа жолаушылардың іштері пыспас үшін Wi-Fi желісі қосылған. 

 сурет:novostiua.net 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига