Велосипедке арналған қорғаныс көпшігі

Велосипедке арналған қорғаныс көпшігі

Таяуда Нидерланды елінде «TNO»  көлік компаниясы велосипедшіні артық қауіп-қатерден қорғайтын көпшік жасап шығарды.

Велосипедшінің қауіпсіздігі аталған елде бұрыннан бері келе жатқан даулы мәселе. Әр жыл сайын жол апатына ұшыраушылардың ішінде велосипедшілердің қатары көбейіп келген. Соған байланысты қоршаған орта мен ішкі құрылымға жауапты министрлік  «TNO» компаниясына бір миллион евро бөліп, айтып келмес қауіп-қатердің кесірін қысқартуға белді бекем буыпты.

Қорғаныс көпшігі желден қорғайтын шынының төменгі тұсында орналасқан. Сол арқылы адамның бас бөлігі қақтығыс жағдайында аман қалмақ. Көліктің артқы тұсын көрсететін айнадағы камера жолдағы кісі мен велосипедшінің қимыл-қозғалысын үнемі назарда ұстап отырады. Егер қауіп-қатердің алғашқы нысаны белгілі бола қалса, онда көлік бамперіндегі сенсор іске қосылып, көпшік жұмыс жасайды.

Екі жылға созылған дайындықтан соң, компания алғашқы сынақты да өткізіп көрді. Нәтижесі жаман емес.

сурет:precisionbikes.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига