Таңдай қақтырар рөлдер ондығы

Таңдай қақтырар рөлдер ондығы

Автокөлік интерьерінде рөлден басқа қандай зат функционалы жағынан артық? Рөл әдемі емес, ыңғайлы болуы қажет. Жүргізушіге жайлы да қауіпсіз болуы керек. Бірақ, дизайнерлердің әр затқа өзіндік көзқарасы бар.

1971 жылы Джорджетто Джуджаро жасап шығарған Maserati Boomerang концеп-кары айтарлықтай керемет болды.

Соңғы сән үлгісімен жасалған оның сына тәрізді пішіні, есіктер мен авто төбесінің әйнектері және де таң қаларлық дөңгелектері оны ерекшелейді. Дегенмен, көлік ішін көргенде жоғарыда айтылғандардың барлығын ұмытуға болар еді.

«Ситроен» секілді кейбір компаниялар бір кегейлі рөлді жақсы көрсе, кейбірі екі, үш тіпті төрт кегейлі рөлдерді қалайды, соған қарамастан, автокөлік өндірушілер симмерия принципін әрқашанда ұстанып келді. Бірақ, Subaru бұл ұстанымға назар салмады. 

Бумеранг формасына ұқсаған кегей таң қалдырарлықтай болмағанымен, аспапты панельді жақсы толықтырған.

Nissan стилистері Nails көлігін жасау кезінде кегей формасын жасау кезінде тым шектен шығудың қажеті деп шешіпті.

Олар жай ғана кегей жасамай қойған. Осылайша дүниеге формасы улы саңырауқұлаққа келетін осы бір түсініксіз нәрсе келді.

«Кегейсіз бе, мейлі кегейсіз болсын» деп Citroen компаниясы ақылға қонбайтын дүние жасап шығарды. Osmose деп аталатын француздық концеп-кардың рөлі – рөлге мүлдем ұқсамайды. Бұл көбіне жүргізушінің айналдыруы қажет ретро стилінде жасалған үлкен экран деуге келеді.

Жасаушылар экранды рөлге көптеген ақпаратты шығаруға болатындай етіп жасаған: жылдамдық, навигация, ауа райы болжамы, артқы камераның түсірген бейнесі және де кездейсоқ жолаушылар жайлы ақпарат. Мысалы, жолаушының бір жерге баруы керек болса, смартфонының батырмасын басса жеткілікті. Сигнал жақын жерде орналасқан «Ситроенге» жіберіледі.

1980 жылдары рөлге сенсорлы экран қою оңай істердің бірі болған жоқ. Сондықтан Lancia Medusa концепт-көлігін жасаушылар оның орнына батырма қоюды жөн көрген.

Олар сағат, жарық, әйнек тазартқыштар, аудиожүйе басқаратын батырмалар сияқты рөлге қажетті заттардың барлығын сыйдыруға тырысқан.

Аталған көліктің рөлі бірден бұрында кішкентайлар сүйіп ойнаған «седаның» джойстигін еске салады. Бірақ, бұның батырмалары көптеу.

Сонымен қатар, бұл рөлдің көлік дөңгелектеріне ешқандай байланысы болмаған. Бұрылысқа электромоторлар жауапты болған. Олар бұрылыс кезінде бірден төрт дөңгелекті бұрған екен.

1950 жылдардың соңында жартылай люкстік марка Edsel-ді жасау кезінде Ford концерні басты назарды дизайн мен түрлі ерекшеліктерге бөлуге тырысты.

Алайда, нәтижесінде Edsel толықтай күйреуге ұшырады. Жаңа бренд нарықта үш жылға да тұрақтамады.

2007 жылы Детройт қаласының авто жәрмеңкесінде көпшілікке таныстырылған Ford Interceptor концепт-кары – өте әдемі бағаланды. Алып көлік толықтай дөрекі стилінде жасалған. Капотының ұзындығы «километр» формасы төртбұрышты келген.

Сонымен қатар, дизайнерлер көлік ішін де төртбұрышты формада жасауды ұйғарған: барлық құралдар, орындықтардағы қосымшалар, тіпті рөл де төртбұрышты. Дизайнерлердің «Форд» логотипін қалайша сопақ күйде қалдырғанына таң қаласың.

Бұл «төртбұрыштардың» тағы бір өкілі десек, қателеспеспіз. Бірақ, бұл жолы – бавариялық BMW Z22-ні бұқара негативті түрде қабылдады. Оның себебі көліктің алдыңғы жетекті болғанында. Дегенмен, бізді қызықтыратыны әзірге тек оның рөлі.

Өзінің ұсқынсыз түріне қарамастан, ол кіріктірме сенсорымен (көліктің кілті жоқ) және көптеген түрлі батырмаларымен мақтана алады: беріліс қорабын батырмамен басқаруға болады.

2000 жылы голландиялық Spyker маркасының қайта тууы C8 суперкары ретінде танылды. Техникалық жағынан көлікте айтарлықтай түк жоқ: алюминнен кузов, Audiдің 400 ат күші бар V8 қозғалтқышы бар.

Оның әрбір бөлігі ерекше талғаммен жасалған. Тіпті тепкішек түйінінен бастап беріліс қорабының механизмі Нидерланды корольдігінің сарайынан орын алуға лайық. Ал таңдаулы терімен қапталған кегейлі рөл сөзсіз керемет.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: motor.ru

Ж. FM