Ең жылдам Rolls-Royce моделі – "Елес"

Ең жылдам Rolls-Royce моделі – "Елес"

Rolls-Royce компаниясы үстіміздегі жылдың наурыз айында Женева қаласында Wraith (ағылшын тілінен аударғанда "елес" А.Қ.) деп аталатын моделін таныстырмақшы.

Көлік Ghost моделінің екі есікті седан нұсқасы. Бұл модель тарихтағы қуатты әрі ең жылдам нұсқа болып отыр. Бұл туралы Лондонда өткен дилерлік конференицияда бренд басшысы Мюллер-Отвос мәлімдеді.

Алдын ала берілген ақпаратқа сенсек, екі есікті көліктің дөңгелектері 180 миллиметрге қысқармақ. Ал көлік биіктігі 60-70 миллиметрге қысқарады. Салмағы 2300 келі аппарат барынша спорт классқа ұқсайтын болады екен. Тежеуіш құралдар мен шиналар барынша сапалы жасалған. 

Ал Rolls-Royce Wraith қозғалтқышы – 6,6 литр көлемдегі V12 турбоагрегатының жаңаша жасалған түрі болып саналып отыр. Мотор қуаты 563-тен 609 ат күшіне теңесетін көрінеді. Трансмиссиясы - 8 деңгейлі ZF автоматы.  

Британдық дилерлердің жаңа нұсқасы 2013 жылы күзде пайда болмақ...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: facebook.com

А. Құлтай