Қолы ашықтарға арналған көлік

Қолы ашықтарға арналған көлік

Өнертапқыштар инновациялық электрлік велесебет жасап шығарды. Қазірдің өзінде аталған көлікке "Болашақтың велесебеті" деген баға беріліп отыр.

Аталған өнертабыстың ерекше дизайнынан басқа көптеген артықшылықтары бар. Мәселен, күзет қызметі жағдайында велесебеттің рөлі бір жерге тоғысып шыға келеді. Одан қалса, жаңа көліктің бір жақсысы, сапар кезінде қолыңызда сөмке, не болмаса арнаулы заттар болса, онда көлік астындағы арнайы жасалған қапшықты пайдалана аласыз. Ішкі бөлікке жасырылған қапшық сіздің затыңызды демде тығыздайды.

Және мықты қуаттағышы бар электрлік қозғалтқышпен бір арнада жұмыс істейтін, яки қозғалысты ретке келтіретін электрожетек (электропривод) бар. Көліктің артқы корпусы тұсында орналаса отырып, арнайы металл жапқышпен жабдықталған.

Айтпақшы, рөлге біріктірілген шам (фар) мен дауыс зорайтқыш, дисплейді де осы заманауи көліктің өзіндік артықшылығы деп бағалаған дұрыс болар. 

Сатып алар ма едіңіз?

сурет:topof.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига