Дакар-2013-ке "Астана" қатысады

Дакар-2013-ке "Астана" қатысады

Әлемдік дәрежесі бар "Дакар-2013ралли-рейд көліктер бәйгесінде қазақстандық "Астана" команасы өнер көрсететін болады, деп хабарлайды  Tengrinews.kz  өткен бәйгенің қола жүлдегері Артур Ардавичустың сөзіне сілтеме жасап.

"Бұл жарысқа үш джипіміз қатысады. Мен әдеттегідей, "КамАЗ" жүк көлігін басқарамын. Бұған қоса, "Астана" командасы мотоцикл класында да өнер көрсетеді. Джиптердің тізгінін Жанат Жәлімбетов, Бауыржан Исабаев, Айдын Рахымбаев басқарса, мотоциклдерге Павел Мамонтов пен Рустам Шаймарданов мінетін болады", - деді Ардавичус өз сөзінде.

Наурыз айының басында "Астана" командасы Біріккен Араб Әмірлігінде жаттығу жұмыстарын бастамақшы. Ардавичус болса, биылғы кезеңде су-моторлы спорт түрінен әлем Кубогіне қатыспақ. "Мен екі кезеңнен өте аламын. Кішкентай қателіктің кесірінен ойдағы жоспар орындалмауы мүмкін, сондықтан да өз алдыма ешқандай жоспар қойып тұрған жоқпын. Бірақ, қолымнан келгеннің бәрін жасаймын"-деді Артур.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр "Астана" командасы жүк көліктер класында қола медальға қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінген болатын. "Астананың" биылғы жоспары жайлы Ардавичус мәлімдемеді.

Форумда талқылау

Сурет REUTERS/Mariana Bazo©