TESLA көлігінің жаңа нұсқасы Model C жариялану алдында

TESLA көлігінің жаңа нұсқасы Model C жариялану алдында

Авто интернет желілерінде TESLA көлігінің жаңа түрі жариялана бастады. Бұл жаңа типті көлікке Model C деп ат берілген. Бұл көлікті TESLA көліктерінің ең жаңа нұсқасы деп айтуға әбден болады.

Көлік жобалану барысында алдыңғы бөлігіне өзгеріс енгізу жағына барынша күш салынғаны білініп тұр. Көліктің ішкі құрылғылары, ерекшеліктері туралы әлі нақты мәлімет жоқ. Тек бұл TESLA көлік компаниясының ең жаңа жобалау басқышына өткендігінен дерек береді. Өзге көліктерге қарағанда ең басты айқын ерекшелігі алдыңғы бөлігі және алды-артқы шырақтың орналасуы.

Мотор қысымы жағынан қазірге дейін нақты мәлімет болмағанымен бұл көлікке қалай да электр моторы орнатылатыны біраз жұртқа аян. Өйткені, TESLA компаниясы соңғы кездегі көліктерінің бәріне электр энергиясымен қозғалатын мотор орнатуды жалпыластырған. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек