Жаңа Toyota RAV4 кроссоверінің тизері жарияланды

Жаңа Toyota RAV4 кроссоверінің тизері жарияланды

Toyota компаниясы RAV4 кроссоверінің видео-тизерін жариялады. Модельдің әлемдік премьерасы үстіміздегі жылдың 28.11-9.12 аралығында Лос-Анджелесте өтетін моторшоуда өткізіледі.

ва

ук

Алғашқы тизерге көз салсақ, автоның сырт келбеті жаңа Camry және Auris-тың стилінде жасалғандығын байқаймыз. 

Таратылған ақпараттарға сәйкес RAV4-тің қозғалтқышының көлемі 2,5 және 3,5 литр болып шығарылады. Олар сәйкесінше 180 және 272 ат күшіне ие болады.

Базалық нұсқада жаңа кроссовер алдыңғы тартқышпен жүретін болады. Толық тартқыш трансмиссия қосымша опция ретінде қолжетімді болады.

Toyota RAV4-тің еуропалықтарға арналған нұсқасының дебютінің уақыты белгісіз.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: motor.ru