Арақ ішіп көлік жүргізу шырғалаң емес, зорлықты қылмыс!

Арақ ішіп көлік жүргізу шырғалаң емес, зорлықты қылмыс!

Жол-көлік ережесіне арақ ішіп көлік айдау туралы заңның қашан енгенін білесіз бе?

1971 жылы маужыраған жаз күндерінің бірінде жүкті болғанына жеті ай болған Мэнни есімді келіншек күйеуімен бірге Нашвилл қаласынан автокөлікпен жолға шығады. Көлік ішінде Мэннидің 4 жасар қызы мен немере бауыры да бар еді. Тізгінде күйеуі отырған болатын. Мэнни балаларға қызықты әңгіме айтып, бақытты отбасы жол сапарда көңілді келе жатыр еді. Олардың ізін басып келе жатқан таудай биік жүк көлігін байқап үлгергенше «гүрс» еткен жойқын дауыспен бірге көлік жарылыс жасайды...

Есін жиған Мэнни емхана төсегінде жатқанын бір-ақ біледі. МАИ қызметкерлері оған шырғалаң тудырған жүк көлігінің жүргізушісі шылқа мас екенін айтады. Мэннидің күйеуі оқиға алаңында жан үзген екен. Өзі де денесінің 75% бөлігі күйіп, мүгедекке айналған еді. Бұл аз болғандай, емханаға әкелінген қызы мен немере бауырының арт-артынан қаза болуы оның қабырғасын сөгіп, есеңгіретіп жібереді.

Шылқа мас болған көлік жүргізушісі бір үйлі жанның бақытты өмірін ойрандады. Жарақаты ауыр болғандықтан, тіпті қызының жерлеу салтына да қатыса алмады. Шырғалаң себебінен құрсағындағы сәби де мерізімінен бұрын туылды. Дәрігерлер оған нәрестесінің көзінің соқыр екенін жеткізгенде, бүкіл өмірден түңіліп кетті.

Басына төнген бақытсыздық оны қайғының қара теңізіне батырды.

Бұл кезде мас болып автокөлік айдауды шектейтін заң жоқ еді. Сот мекемесі мұны қалыпты шырғалаң деп қана шешім жасады. Шырғалаң тудырған жүргізуші сот мекемесінен шығардан бұрын зар илеп кешірім сұраумен болды. Мэнни мұны қабылдай алмады. Бұл ол үшін әділетсіздік еді.

Емханадан шығып жарасы жазылған соң Мэнни өткен күндерін ойлай бастады. Бәріне себепкер тек қана – арақ. Барлық бақытсыздықтың негізі де осы арақта ғана. Ол көз жасын көлдете жүріп, үкіметке арақ ішіп көлік айдауға тиым салу заңын талап етуді, осылай істегенде ғана әлемдегі қаншама бақытсыздықтарды азайтуға болатынын аңғарды.

Ол өзімен тағдырлас әйелдерді айналасына жия бастады. Бірнеше жылдан соң олар Теннесси қаласында «Арақ ішіп автокөлік айдауға қарсы аналар қоғамын» құрды. Халықаралық сипат алған бұл қоғамға Мэнни төраға болды. Бұдан да көп адамдардың қолдауына ие болу үшін олардың бұл қоғамы күн сайын ақпарат құралдарына да дабыл қағып жатты. Үкіметтің жол көлік ережесінің үстінен шағым айту, үкіметке көлік апаты туралы жаңа заң қабылдауды ұсыныс ету сияқты көптеген ұсыныс-талаптары сан рет тойтарылып жатты.

Мэннидің ұзақ уақыт құлшынысының арқасында Американың штаттарындағы парламенттер оның үндеуіне үн қоса бастады. Содан бері бірнеше жылда әрбір штат 2300 ден астам арақ ішіп көлік жүргізуге тиым салу заңдарын бекітті. Бұл заң бірте-бірте етек ала бастады. Ақыры 1982 жылы АҚШ парламенті бүкіл ел бойынша тұңғыш рет жалпы беттік әрі қатаң түрде арақ ішіп автокөлік айдауға қарсы тұру заңын енгізді. Белгіленген заңның алғашқы сөзі «Арақ ішіп, автокөлік айдау шырғалаң емес, қылмыс! Зорлықты қылмыс» деп бастады.

Арақ ішіп автокөлік айдау содан бастап заңның шектеуіне жолығатын негізгі нысанға айналды. Көзді ашып- жұмғанша 40 жылдан астам уақыт өтіпті. Қазір Мэнни есімді бұл ана 70 жастан асса да, әлі күнге дейін арақ ішіп автокөлік айдаудың зиянын үгіттеп келеді. Және бұл қоғам ең ірі халықаралық ұйымға айналып үлгерді. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек