Алғашқы Toyota GR Supra 2.1 млн долларға сатылды

Алғашқы Toyota GR Supra 2.1 млн долларға сатылды
Фото: dailyheralds.org

Toyota GR Supra көлігі нарыққа әлі шықпаса да, АҚШ-та ең алғашқы данасы сатылып кетті.

Скоттсдейлдегі Barrett-Jackson аукционында алғашқы Toyota GR Supra көлігі 2,1 миллион АҚШ долларына сатылды. Ал нарықта бұл көліктің бағасы - 55250 доллардан басталмақ.

Аукционда сатылған көлікті екі нәрсе ерекшелейді: 20201-ден аяқталатын VIN-коды мен Phantom Matte түсі. Мұндай түсті Toyota GR Supra көлігі болмайды. 

Аукционнан түскен барлық қаржы қайырымдылық іске жұмсалады. 

Massaget