Жаңа жүйе көліктің артқы орындығын көрінбейтіндей етеді

Жаңа жүйе көліктің артқы орындығын көрінбейтіндей етеді

Жапонияның Кейо университетінің ғалымдары көліктің артқы орындығын көрінбейтіндей етіп көрсететін жүйе ойлап тапты. Жүйе көлік жүргізушісіне орындық артында болып жатқан жағдайды өз көзімен кедергісіз көріп, соған сай әрекет етуге мүмкіндік береді.  

Бұл жүйе "оптикалық комуфляж" технологиясы негізінде жүзеге асады. Көліктің артқы жағында камера орналасатын болады. Ол арқылы алынған кескін компьютерде өңделіп, артқы орындық аймағында орналасқан экран арқылы көрінетін болады.

Қазіргі таңда ғалымдарға тек артқы орындықты ғана көрінбейтіндей етіп жасау мүмкін болып отыр. Болашақта мамандар бүкіл көлік салонын байқалмайтындай етіп жасау арқылы, жүргізушіні барлық көрінбейтін аймақтан арылтуды мақсат етіп отыр. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.ru


Б. Қосмағамбет