Google сурет авторларын көрсете бастады

Google сурет авторларын көрсете бастады
Фото: Әлібек Оразбай, google.com

Google Images бөліміндегі суреттерде енді сурет авторларының метадеректері көрсетіледі. Алайда бұл тек IPTC және CEPIC базасындағы суреттердің авторларына ғана қатысты.

IPTC (ағыл. International Press Telecommunications Council – баспасөз бен телекоммуникация бойынша халықаралық кеңес) – ірі ақпарат агенттіктерінен, баспасөз компанияларынан құралған халықаралық ұйым.

CEPIC (ағыл. Coordination of European Agencies Press Stock Heritage – баспасөз сток мұрасының еуропалық агенттіктер ұйымы) – фотостоктар, суретпен жұмыс істейтін ақпарат агенттіктері мен өзге де БАҚ орталығы. Аталған ұйымдар арасындағы келісім арқасында біршама фотографтардың авторлық құқығы іздеу жүйесіне сақталмақ.

Google суреттерде қазірдің өзінде бейресми суреттерде тек жариялаған сайттың сілтемесі мен суреттердің авторлық құқығы қорғалған болуы мүмкін деген ескерту ғана бар. Ал суреттің түпкі авторы кім екенін анықтау қиынның қиыны.

Google мәлімдеуінше, іздеу жүйесіндегі бұл өзгеріс әлі де жетілдіріледі. Ал IPTC стандарттарының Google-ға енуі – кәсіби мамандардың жеңісі.  

Massaget.kz