«ВКонтакте» желісін алмастыратын жаңа желі

«ВКонтакте» желісін алмастыратын жаңа желі
Фото: shop-vk.com

Украинада «ВКонтакте» желісін алмастыратын жаңа желі пайда болады. Канадалық әзірлеушілердің айтуынша жаңа желі 4 айда жасалады. Бұл туралы segodnya.ua хабарлады.

Жаңа әлеуметтік желі Ukrainians деп аталады.

«Алайда хат алмасу құралын жасау үшін оның украиндықтарға шынымен қажеттігін білуіміз  керек» дейді әзірлеушілер.

Олардың айтуынша, егер 1 маусымға дейін қолдаушылар саны 50 мыңға жететін болса, олар интернет құралын бар болғаны 4 айда жасап шығамақ.

Украинада санкция енгізіліп ресейлік «ВКонтакте», «Одноклассники» әлеуметтік желілері мен «Яндекс» және «Mail.ru Group» қызметтері үш жылға бұғатталғанынан хабардар боларсыздар.

7kun.kz

@. @assel_assanova