Зағиптарға арналған қосымша

Зағиптарға арналған қосымша
Фото: boredpanda.com

Aipoly қосымша құрастырушы компания Iphone смартфонына жаңа қосымшалар жасап шығарады. Бұл жолы Aipoly зағип және көру қабілеті төмен жандарға арналған. Қолданушы камера арқылы алдындағы затты фокусқа алады. Қосымша сол затты тез танып, айтып отырады.

Әзірге бұл қосымшада 7 тіл жүктелген. Қосымша құрастырушылар жобаны Арр Store желісіне ұсынбады. Егер жоба жүзеге асып, қолдау тапса, мүмкіндігі шектеулі жандарға зор көмек болғалы тұр. 

Г. Берік