«Жүр» дегенге көнетін шабадан

«Жүр» дегенге көнетін шабадан
Фото: travelandleisure.com

Технология барған сайын қарыштап дамып жатыр. Тіпті адам баласының ойламаған дүниесі көз алдында жүзеге асып, пайдаға жарап тұр. Бұл – мың ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан дәуірлердің ең асылы болмақ. Себебі ақыл мен парасат қоса дамып, адам баласы ғылымға бірыңғай бет бұрды. Ғылым саласындағы ғалымдардың жетістігі молынан. Дегенмен бұл жолғы технологиядағы жаңғырып отырған жаңалық тіптен ерекше.

Иә, «жүр» дегенге сөзбен болмаса да, алыстан басқарушы құрал немесе қалта телефоныңыз арқылы арнайы бағдарламаға бағынатын шабадан жарыққа шықты. Алыс сапарға барған кезде қолыңызға және денегіңізге ауырлық туғызатын қолдорба енді сізге бағынышты түрде жұмыс жасайды. Оны көтерудің немесе сүйреудің қажеті жоқ. Тек қана батырманы басып жұмыс жасайсыз. Ал ақылы бар шабадан сізбен бірге қай бағытқа жүру керек болса сол бағытқа қарай жол алады.

Құрастырушылардың айтуынша, «бұл «электронды шабадан» техниканың тағы бір жетістігі. Ол өздігінен қозғалмаса да бағдарлама арқылы қозғалу мүмкіндігін алып отыр. Сонымен қатар, екі түрлі бағытта қозғалады: тік және жатып жүруге ыңғайластырылған. Алдағы уақытта аталған қолдорба әлемнің түкпір-түкіпірінде сұранысқа ие болатын болады»,-дейді.

М. Ақан