Windows пен Android-ке арналған Nitro Duo смартфоны

Windows пен Android-ке арналған Nitro Duo смартфоны
Фото: gagadget.com

Жыл өткен сайын әлем қарқынды дамыған технология ойлап табуды көбірек көздеп келеді. Адам күшін емес, ақыл мен робот күшін жұмсауға ат салысып жатқан ғалымдардың тағы бір жетістігі – Nitro Duo смартфоны. Бұл смартфон тек ұялы байланыс құралы емес, қолыңызға икемделген компьютер деуге де болады.

Қазіргі таңда ғалымдар бұл смартфонның тек прототип үлгісі ретінде «кірпіш» тәрізді нұсқасын көрсетті. Бірақ бұл дәл өзі емес. Ал оның сыртқы құрлысындағы айнала орналасқан темірге келсек, ол екі жолақты, екі қабатты болады. Себебі телефон екі түрлі үрдісті қамтиды. Бірінде Intel Atom Z3745, 4 ГБ Windows, ішкі жады 256 ГБ орналасса, бір бөлігінде ARM Cortex-A9, 2 ГБ Android, ішкі жады 8 ГБ орналасады. Жаңа смартфон 5 дюймдік диспелеймен және 800x480 пикселді қамтиды.

М. Ақан