«Facebook» тікелей видеокөрсетілім жасайтын қызмет ұсынды

«Facebook» тікелей видеокөрсетілім жасайтын қызмет ұсынды
Фото: technewstoday.com

Танымал «facebook» әлеуметтік желісі тікелей видеокөрсетілім жасайтын қызмет ұсынды. Бұл туралы Марк Цукерберг ресми парақшасында хабарлады.

- Бүгін біз «Facebook Live» қызметін іске қосамыз. Ол арқылы сіздер тікелей көрсетілім ұйымдастыра аласыздар. Кез келген желі қолданушысы әлемнің түкпір-түкпірінен тікелей эфир ұсына алады, - деп жазды.

Айта кетейік, «Facebook Live» қызметі осыған дейін де болған еді. Оны тек танымал адамдар ғана пайдаланып келген еді. Ендігі таңда желінің барлық қолданушылары пайдалана алатын болады.  

Ө. Сансызбай