Жаңа iPhone мен iPad гаджеттері қашан сатылымға шығады

Жаңа iPhone мен iPad гаджеттері қашан сатылымға шығады
Фото: www.macworld.co.uk

Ақпарат құралдары Apple-дің жаңа гаджеттері - 4 дюймді Iphone 5SE смартфонының және iPad Air 3 планшетінің сатылымға шығарылатын күнін анықтады, − деп хабарлайды "Вести. Hi-Tech". Жаңа гаджеттер 15 наурызда таныстырылып, 18 наурызда сатыла бастайды деп күтілуде. 

iPhone 5SE диагоналі 4,7 дюйм және 5,5 дюйм болатын iPhone 6S және iPhone 6S Plus-тен кішірек смартфон ұстағысы келетін Apple тұтынушыларына қызықты болуы мүмкін. Жаңа гаджеттің дисплейі iPhone 5S-тің дисплейіндей болады, дегенмен смартфонның өзі әлдеқайда жетілдірілген. Телефон алтын түстес, алқызыл, күміс тәрізді және сұр түстермен шығарылады.

Ал iPad Air 3 планшеті алдыңғы модельдерден сапалы камерасымен ерекшеленеді.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін