WhatsApp қолданушыларының саны миллиардқа жетті

WhatsApp қолданушыларының саны миллиардқа жетті
Фото: leadinlife.info

WhatsApp қолданушыларының саны миллиардқа жетті. Бұл туралы  Марк Цукерберг Facebook парақшасында мәлімдеді.

Әлеуметтік желінің иесі қолданушыларымен жақсы жаңалықты бөлісе отырып, мессенджердің негізін қалаушы Ян Кум мен Брайан Эктонды құттықтады. "WhatsApp Facebook-ке қосылғалы екі есе көп қолданушы жинады. Біз сіздер үшін жақындарыңызға қоңырау шалуға мүмкіндік беретін функция қостық. Енді әлем бойынша көптеген адамды жақындату мақсатында жұмыс істейміз", − деді Цукерберг.

Ол команданың абоненттік төлемді азайтып, WhatsApp мессенджерін тегін еткенін де айта кетті. "Әлемде Жер жүзіндегі миллиардтаған адамды байланыстыратын қызметтер санаулы ғана. Бұл кезең әлемді біріктіру жолындағы маңызды қадам",  деді миллиардер.

Дереккөз: Tengrinews.kz

С. Ерсін