Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Nissan Almera

Nissan Almera

Халқымыздың көбісі седан шанағындағы көліктерге ерекше мән беретіні жайлы өзіңіз де біліп тұрған шығарсыз. Өзінің соңғы шығарған өнімімен Nissan компаниясы бізді қуантып отыр. Жаңа седан шанағындағы Almera қала көркі болуға әбден лайықты. Соған байланысты, жаңа Almera жайлы бүгінгі әңгімемізді бастайық.

Көшеде жалғыз тұрған көлікке назар аударып едік, жаңадан шыққан Skoda ма деп қалдық. Жоқ, мүмкін емес. Радиатор торында Nissan деген жазуы бар белгі көзіме оттай көрінді. Көліктің алдыңғы жағы чехиялық үлгіге ұқсағанымен, Nissan мақтауға тұрарлық.  Almera-ның сыртқы келбеті салмақты, байсалды болып көрінеді. Ал бампердің төменгі жағында орналасқан ауа жинағыш, көлікке агрессиялық сипат беріп тұрғандай. Көлікті зейін қойып зерттегенде, есіктер мен терезелер сол қалпында қалғанын аңғаруға болады. Ал көліктің артқы жағын дизайнерлер Mitsubishi Lancer дизайнына ұқсатып жасаған.

Салон

Салондағы құрал-саймандар панелі заманауи стильде орындалған. Алдыңғы ұрпаққа тән ақпараттылық жоғалмаған. Орталық консольдің дизайны өзгергенімен, материал сапасы сол қалпында, баяғы қатты, жылтыр пластик. Көлік өндірушілердің айтуы бойынша, мұндай орындалу үлгіге жоғары мәртебе беретін сияқты. Ал пештің қосқыштары тұтынушылардың көңілдерін түсіріп жіберді. Магнитолла да көңілден шықпады: күй табақтарды ойнатқанымен, материал мен әуен ойнатудың сапасы сын көтермейді, дисплей де өте қарапайым болып көрінеді. Осындай ақшаға, бұдан да сапалы құрылғыны неге орнатпасқа? Отырғыштар өте қарапайым материалмен қапталғандықтан, ешқандай функционалдық қасиеттермен ерекшеленбейді. Артқы жолаушылардың жайлығы үшін кең әрі жайлы диван қарастырылған. Жайлы әрі кең шынтақшаның астында ұзын заттарды тасымалдауға мүмкіндік беретін люк жасырылған. Капоттың астында орналасқан көлемі 1,6 л 107 а.к. қозғалтқыш автоматты беріліс қорабымен үйлесімді жұмыс істейді. Бұл көлік қалаға арналған. Көліктерге толы көшелерде бұл үлгі ағыннан еш қалыспайды. Сенімді үдеу мен баспалдақтардың лезде ауысып-қосылуы жүргізушіні шаршатпаса керек. Бірақ, көлікті белсенді түрде қолданғанда, оның кемшіліктері көріне бастайды. Жиілік сәтінің жетіспеушілігі мен беріліс қорабының қарапайымдылығы жүргізушіге мұның қалаға арналған қарапайым көлік екендігі жайлы есіне түсіреді.

Серпімді салпыншақтың орташа қатаңдығы шанақтың қатты қисайып кетуіне жол бермейді, шұңқырдың үстімен жүрсеңіз де, жайлылықтың жоғары деңгейін байқайсыз. Жүріс бастау мен тоқтау сәттеріндегі көліктің «изеуі» жүргізушінің көңілін түсіретіні анық. Тежегіштердің жұмысы көптеген тұтынушыға қатты ұнады. Қандай жылдамдықта жүрсе де, тежегіштің кері байланысы өте жоғары деңгей көрсеткен. Жаңа Almera-ның жақсы жерлері көбейе түсті. Оған қоса, жаңа шыққан үлгінің бағасы бұрыңғысынан төмен. Базалық жинақталудағы көліктің бағасы $16 000. Бұл бағаға жүргізуші көлемі 1,6 л қозғалтқыш пен механикалық беріліс қорабпен жабдықталған темір тұлпарды сатып ала алады.

Сурет nissan.kz сайтынан алынған

1804 4
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 17 қаңтар 2012, 12:40
Тегтер: nissan, almera, massaget.kz,
Пікірлер
+0
17 қаңтар 2012, 12:42

Қалаға арналған көліктердің бірі!

+0
26 наурыз 2012, 12:51

салдырлақ мәщня, кузовыда қаңылтыр. дешофкағо карочы

+0
26 наурыз 2012, 13:02

Жапондар машинаны жеңілдету үшін кузовтан экономия жасайды! Германскиге жетпейді го :ugeek:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...