XIII ғасырдың ұялы телефоны табылды

XIII ғасырдың ұялы телефоны табылды
Фото: The Sun

Аустрияда археологтар XIII ғасырдың ұялы телефонын тапты. Ерекше жәдігер Зальцбургте жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылды, − деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеме жасаған Ren.tv.

Бір қызығы, саздан жасалған құрылғы қазіргі смартфонның функционалы бар. Тіпті, цифрлық техникаға ұқсайды: құралдың бетінде экран мен батырмалары бар. 

Әлеуметтік желі қолданушылары мұның мистика екенін айтады. Айтуларынша, бұл тек ұялы телефонға ұқсайтын тарихи кесте.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін