Цукерберг Facebook акциясының 99 пайызын қайырымдылыққа береді

Цукерберг Facebook акциясының 99 пайызын қайырымдылыққа береді
Фото: golos-ameriki

Facebook желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг пен оның жұбайы Присцилла Чан әлеуметтік желі акциясының 99 пайызын қайырымдылыққа беруді уәде етті.

Жас жұбайлардың Макс есімді қызы дүниеге келуіне орай жазған хатында: "Біз Facebook акциясының 99 пайызын (қазіргі таңда ол шамамен 45 миллиард доллар) болашақ ұрпақ үшін әлемді жақсартуға ат салысып жатқан өзге адамдарға қосылу үшін береміз" делінген. Олар туылған қызына арнап жазған үндеулерінде бұл осы жолда жұмыс істеп жатқан жұмыстардың ішінде өзге адамдардың дарынымен және ресурстарымен салыстырғанда аз ғана үлес екенін атап өтті. "Бірақ біз басқалармен бірге жұмыс істеу арқылы қолымыздан келгенін істегіміз келеді",  деді.

"Бұл әлемде біздің ұрпақ адам мүмкіншілігін арттырып, теңдікті мадақтай алады − ауруды емдеп, білімді дараландырып, экологиялық таза энергияны игеріп, адамдарды біріктіріп, мықты қоғам құрып, кедейлік деңгейін төмендетіп, тең құқықты қамтамасыз етіп және елдер арасындағы түсіністікті кеңейтеді",  деп жазды Цукерберг пен Чан.

Бұл жұп желтоқсанның 1 күні қызы өмірге келгені туралы хабарлады. Қызының есімі − Макс. Олар қыздарының әлі де жақсаруды талап ететін, бейбітшілік заманда өскенін тіледі.

Дереккөз: tengrinews 

С. Ерсін